• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Мамыр, 2018

«Бала дауысы» байқауының үшінші маусымы басталды

513 рет
көрсетілді

Өткен аптаның демалыс күндері елордадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Астананың 20 жылдық мерейтойы­на арналған ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының үшінші маусымының салтанатты ашылу рәсімі болды. Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының ұйымдастыруымен еліміздің дарынды балаларына арналған ауқымды жоба Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен өтті.

«Бала дауысы Астана жү­ре­гінде» мерекелік бағдар­ла­масында еліміздің түкпір-түк­пірінен келген кішкентай дарын иелері қазақ эстрадасының жа­рық жұлдыздары – Роза Рым­баева, Майра Мұхамедқызы, Маржан Арапбаева, Жеңіс Сей­доллаұлы және «Алау» тобы­мен бірге өнер көрсетті. Кө­рермендер халық әндерін, әлем­дік хиттерді және авторлық шы­ғар­маларды тыңдап, жаңа хо­реографиялық қойылымдар мен ұмытылмас кештің куәгері болды. Елорданың сахнасында шетелдердің танымал әртістері өнер көрсетті. Олардың ішінде әлемдік шоу бағдарламаларын бағындырып жүрген қырғызстандық «Тұмар» би тобы, мерекеге арнап жаңа ән жазған, танымал барабаншы Гагаш, Өзбекстанның кішкентай жұлдызы, YouTube желісінде мил­­лиондаған көрермен жинап, талантымен тамсандырған  Журабек Жураев бар.

«Бала дауысы-2018» байқауы тұңғыш рет елордада өтіп, салтанатты шараға байқаудың идея авторы Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаева келді. Ал оқу және спорт саласында жетістіктерге жетіп жүрген астаналық мек­тептердің 2 600 оқушысы мен мұғалімдері керемет кештің сыйлы қонақтары болды.

Салтанатты ашылу концер­тінен кейін өнерпаздарды іріктеу туры басталды.

Бұл аталмыш байқаудың үшінші туры. Биыл наурыздың 15-і мен сәуірдің 15-сі аралығында өткен қабылдауда «Бала дауысы» ұйымдастыру комитетіне 8-12 жас аралығындағы балалардан 3765 өтінім келіп түсіп, байқау басталғалы бергі рекордтық көр­сеткішті көрсетіпті. Алдын ала қорытынды бойынша, іріктеу турдың финалына 14 облыстан, Алматы және Астана қалаларынан 81 қатысушы шақырылған. Олар Майра Мұхамедқызы, Жеңіс Сейдоллаұлы және Әсет Арыстанбек сынды кәсі­би қазы­лар­дың алдында вокал­дық өнер­лерін ғана емес, би және әртістік қабілеттерін көр­сет­ті. Сөй­тіп «Бала дауысы» жұлдыздар үйі­не 81 баладан 19 жас талант ша­қырту алды. Ендігі жерде оларды осы жылдың қыркүйек айында дайындығы басталатын супер-финал күтуде. Балалар вокал, актерлік шеберлік, хореография, сөз өнері, сахна өнерінен шеберлік сабақтарын алады.

27 қазаннан бастап 27 ­жел­­­­­тоқсанға дейін теле­кө­рер­­мен­дер кішкентай әртіс­­тердің өнерін та­машалап, өз сүйіктілеріне дауыс беретін болады. Сөйтіп 2 ай ішінде телекөрермендер «Халық сүйік­тісін» анықтайды. Ал 8 жел­тоқсан күні Астанадағы «Қа­зақстан» Орталық концерт за­лында ауқымды супер-финал өтеді. Тікелей эфирде қазылар «Бала дауысының» биылғы же­ңімпазын анықтайды.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»