Петропавлдағы спорт сарайында қазақ күресінен ішкі істер министрлігінің біріншілігі өтті.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьРеспубликалық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылған жарыстың ашылу салтанатында «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы төрағасының орынбасары Асқар Омарқұлов, қазақ күресі федерациясы президентінің бірінші орынбасары, «Қазақстан барысы» турнирін ұйымдастырушы Арман Шораев, облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев спорттық шараның негізгі мақсаты күштік құрылымдар арасында қазақ күресін жандандыру, жастарға үлгі ету, саламатты өмір салтын насихаттау болып табылатынын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байрақты бәсекеге еліміздің барлық өңірлерінен, Алматы, Астана қалаларынан 48 балуан сайдың тасындай іріктеліп, екі күн бойы боз кілемнің шаңын қақты. 80, 90 және 90 килодан жоғары салмақтар бойынша небір айла-тәсілдер қолданып, бірде жеңіп, бірде жауырыны жер иіскеген күш иелерін қолдаушы жанкүйерлер қатары қалың болды.
Жарыс қорытындысында солтүстікқазақстандық Батырхан Қайырбек (80 кг.), жамбылдық Бегімхан Әділбеков (90 кг.) жеңімпаз атанды. 90 килодан жоғары салмақта Алматы облысының намысын қорғаған Александр Касачев те қарсылас шақ келтірмеді. Оған бас жүлде – Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов атындағы кубок салтанатты түрде тапсырылды. Жалпыкомандалық есепте бозкілем иелері топ жарды. Екінші, үшінші орындарды Маңғыстау облысы мен Ұлттық гвардия командалары місе тұтты.
Шара барысында ұлттық спорттың дамуына зор үлес қосып жүрген Петропавл қаласының құрметті азаматы Бауыржан Құлжанов «Динамо» қоғамының алтын медалімен марапатталды. Сөз арасында спорт ардагерінің қазақ күресінен өңірдің тұңғыш спорт шебері екенін, қазақ күресі қоғамының құрметті президенті екенін айта кеткен жөн. Оның арада 44 жыл өткеннен кейін темірландық (ОҚО) Ұлас Момынұлымен қауышуы ерекше әсерлі болды. Қос саңлақ 1974 жылы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы халықаралық турнирдің ақтық бәсекесінде белдесіп, Баукеңнің мерейі үстем болған екен.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы