Мадридтің «Реалын» жаттықтырған Зинедин Зидан командадан кететін болды. Бұл туралы ол
«Келесі маусымда жұмыс істемеймін деген шешімге келдім. Команданың ары қарай жеңіске жеткені маңызды. Сондықтан жаңа тактика, аздаған өзгеріс керек. Бұл клубқа деген құрметім ерекше», – деді 45 жастағы Зидан арнайы ұйымдастырылған жиында.
Зизу «Реалдың» бас командасымен 2,5 жыл жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында үш мәрте Чемпиондар лигасында, 2 реттен клубтар арасындағы әлем чемпионатында, УЕФА Суперкубогында жеңіске жетті. Сонымен қатар ел чемпионы атанып, Испания Суперкубогын ұтып алды.