• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Маусым, 2018

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

851 рет
көрсетілді

3 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауады, жел күшейіп, тұман түседі, тек батыста, және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде жел 17-22 м/с күшейеді, күндіз 15-20, кей жерлерде  23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан да асуы ықтимал, жекелеген аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола  облысының кей жерлерінде түнде жел тұрады, 15-20 м/с, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20,  екпіні 23-28 м/с жететін жел соғады.   

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20, күндіз кей уақытта 15-20, желдің екпіні 23-28 м/с, жекелеген аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұруы, бұршақ жаууы мүмкін. 

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күтіледі, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді, жекелеген аудандарында найзағай, тұман, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең жекелеген аудандарда найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі мүмкін.

Алматы облысында кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с, екпіні 28 м/с дейін жетеді, кей жерлерінде дауыл тұрады, бұршақ түседі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с, түнде және таңертең желдің екпіні 23 м/с жетеді, жекелеген ауданында дауыл күтіледі, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, кей жерлерінде 25 м/с, жекелеген ауданында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.  

Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20, кей жерлерде  25 м/с,  күндіз жекелеген ауданында шаңды дауыл соғады.  

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20  м/с күшейеді, жекелеген ауданында шаңды дауыл тұрады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде -2 градусқа дейін төмендейді.