• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Маусым, 2018

Дәрігерлер менингитке қарсы жаппай антибиотик қабылдау туралы ақпаратқа сенбеу керектігін ескертті

547 рет
көрсетілді

Алматыда дәрігерлер WhatsApp желісі арқылы таралып жатқан менингитке қарсы жаппай антибиотик қабылдау туралы ақпаратты теріске шығарды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова өңірлік коммункиациялар қызметінде айтты.

«Құзырлы орган басшысы ретінде мен әлеуметтік желіде таралып жатқан түрлі ақпаратқа сенбеуді сұраймын. Антибиотик дәрілері тек науқаспен байланыста болған адамдарға ғана жазылады. Бұл процесс дәрігерлердің бақылауында болу керек. Халық тек ресми органдардың айтқан мәлімдемесіне ғана сенуі тиіс», деді Айзат Молдақасымова.

Департаменттің мәліметінше, бүгінде Алматыда 48 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Оның ішінде 32 адамда менигококк жұқпасы бар екені зертханалық түрде расталды. Айта кету керек, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәлімдеуінше, қауіпті жұқпадан жыл басынан бері Қазақстанда 12 адам көз жұмған.

«Жыл басынан бері Қазақстанда менингит инфекциясын жұқтырған 58 науқас тіркелді. Олардың 18-і 14 жасқа дейінгі балалар. Жыл басынан бері аталған дерттен 12 адам көз жұмды, соның ішінде бесеуі 14 жасқа дейінгі жеткіншектер», деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Алматыда 5 адам көз жұмды. Олардың 2-еуі - 5 жасқа дейінгі балалар. Алматы облысында бұл дерттен 4 адам көз жұмды