Мемлекет басшысы «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесті, деп хабарлайды akorda.kz.
Кездесу Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысы аяқталғаннан кейін өтті.
Келіссөз барысында тараптар өзара ынтымақтастықты кеңейту және стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.