• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2018

Маңғыстауда жемқорлық жайлы семинар-кеңес өткізілді

471 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлықтың және Әдеп кодексінің бұзылуын алдын-алу мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясында семинар-кеңес өткізілді.

Кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Нұрбол Долдашев аумақтық инспекциясының және оған қарасты қалалық, аудандық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты мемлекеттік қызмет саласын бақылау бойынша баяндама жасады.

Оның айтуынша, ағымдағы  жылдың бірінші тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан 57 өтініш түскен. Оның 38 құзырет шегінде қаралып, 14 тиісті органдарға жолданған. 18 өтініш бойынша және 2 ішінара тексеру (барлығы 20) жүргізіліп, нәтижесінде 38 заңбұзушылық анықталып, оларды жою туралы 18 ұсыныстар енгізілді.

Әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан сыни мақалаларға мониторинг жүргізу, қызметтік көліктерді қызметтен тыс уақытта пайдалану, мемлекеттік қызметшілердің шектеулерді сақтамауы бойынша, яғни жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар алу деректерінің жолын кесу бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін көтеру мақсатында жағдаяттық мысалдар негізінде берілген «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығының (pocketbook) талабы толықтай түсіндірілді. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ершат Оңайбаев, инспекция қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қызмет алушыларға сапалы әрі кәсіби қызмет көрсетуді қажеттігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуларына бағытталған күнделікті тұрмыста қажетті қызметтерді ұялы телефонның көмегімен немесе бір реттік құпиясөзбен алу мүмкіндігі және  үшінші тұлғаның атынан анықтама алу туралы арнайы бейнероликтер көрсетілді.

2017 жылы және 2018 жылдың 5 ай аралығындағы Әдеп жөніндегі кеңесте облыстық аумақтық инспекциясына қарасты мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралған жоқ.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

 «Егемен Қазақстан».

 Маңғыстау облысы