2018 жылы 1-2 маусымда Гродно қаласында XII Республикалық Ұлттық мәдениет фестивалі өтті. Фестивальдің басты тақырыбы – халықтық ойын-сауық. Осы іс-шараға Беларусь Республикасында тұратын 35 диаспоралар қатысты, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталған іс-шараға Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Елшілігінің және Брест қаласындағы Консулдығының белсенді қолдауымен қазақ диаспорасының өкілдері де қатысты. Бүгінгі таңда Беларусьте қазақ этносының 1500-ден астам өкілі бар.
Мерекенің маңызды оқиғаларының бірі қала орталығында ұлттық диаспоралар өкілдерінің дәстүрлі театрландырылған қозғалысы болды. Орталық алаңда шеруден кейін фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Фестивальдің басты ерекшелігі – қоңалқалық үй, онда әрбір ұлт өкілдері келушілерді өзінің дәстүрлері мен мәдениетімен таныстырды.
Қазақ ауласында фестиваль қонақтарына көшпелі өркениеттің жауһары – киіз үйдің есігі ашылды. Қонақтар киіз үйдің ішкі безендіруі мен, сондай-ақ оның жинау және талдау ерекшіліктірімен, қазақтың ұлттық ойын-сауық түрлерінің бірі – алтыбақанмен танысты. Сонымен қатар, қонақтар қазақ балаларының сүйікті асық ойындарының біріне қатысуға және ұлттық тағамдардан дәм татуға шақырылды.
Фестивальдің ұйымдастырушылары ұлттық диаспоралардың ең жарқын және ең әсем көрінісін ерекше атап өтіп, алғаш рет марапат тағайындауға шешім қабылдады.
Фестивальдің екі күнгі қорытындысы бойынша қазақ этносының өкілдеріне XII ұлттық мәдениет фестивалінің Гран-при иегері атағын беру жөніндегі конкурстық комиссияның шешімі қабылданды.