Табиғаты тамылжыған кең-байтақ еліміз азық-түлікке аса қажет бидай мен арпа, картоп, жеміс-жидек өнімдерімен қатар, бау-бақша дақылдарын өсіріп, тұрғындарға жергілікті өнімдерді ұсынып келеді. Сонымен қатар оларды экспортқа шығарып, орасан пайда табуға да мол мүмкіндік бар.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьЕлімізде соңғы жылдары рапс, зығыр, мақсары мен күнбағыс сияқты майлы дақылдардың егіс көлемі 3-4 есеге артты. Ал күнбағыс бүгінде еліміздің шығыс өңірімен қатар, батыс және солтүстік аймақтарында егілуде. Зығыр дәніне Батыс Еуропа елдерінен сұраныс жоғары болғандықтан, еліміздің солтүстік өңірінде аталған өсімдікті өсіру экономикалық тұрғыдан аса тиімді болып отыр.
Қазақстанда 1991-1996 жылдар аралығында көкөніс дақылдарын өндіру 950-1000 тоннаға дейін құлдыраса, 2010-2014 жылдары өнім мөлшері екі еселеніп, 2000-2070 тоннаға дейін жетіпті. Соңғы жылдары мемлекеттің қаржылай қолдауы негізінде әр өңірде жаңа бақтар отырғызылуда. Ал көкөніс өнімдері Астана және Алматы сияқты ірі қала тұрғындарын қамтумен қатар, Ресейге дейін шығарыла бастады. Дегенмен әлі де тұтынушыларды толық қамтамасыз ете алмай отырғанымыз жасырын емес.
Бүгінде алыс шетелдерден тасымалданатын көкөністер мен жемістердің ұзақ мерзімде сақталуы үшін олар арнайы химиялық қоспалармен өңделеді. Сондықтан да бұл жағдайлар адам ағзасына теріс әсер етуі мүмкін.
Ал азық-түлік тауарлары және өсімдік өнімдері арқылы бұрын республика аумағында кездеспеген карантинді нысандардың да пайда болу қаупі бар. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін ел аумағына бірнеше карантинді ағзалар еніп, кеңінен таралуда.
Мәселен, осыдан он жыл бұрын Өзбекстан елінен Қызылорда облысының Сырдария ауданына кездейсоқ әкелінген қауын шыбыны 2014 жылы 4060 гектар бақша алқабын жайлап, оның барлық ауданда кездесетіні анықталған еді. Сонымен қатар бұл зиянкес Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс, Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтаарал, Отырар, Сарыағаш, Түркістан және Сарыағаш аудандарында 4867 гектарда, Жамбыл облысында – 85, Маңғыстау облысында 40 гектар жерде таралғаны белгілі болып, мұндай келеңсіз жағдай Алматы облысында да байқалған.
Жеміс ағаштарының бактериялы күйігі деп аталатын ауру еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарына үлкен қатер төндіруде. Бұл аса қатерлі дерт 2014 жылы Алматы облысында 265 гектар, Жамбыл облысында 72 гектар және Оңтүстік Қазақстан облысында 7 гектар бақтарда байқалған. Өкінішке қарай, соңғы үш жыл көлемінде оның таралу аумағы ұлғаймаса, азая қойған жоқ. Себебі жеміс ағаштарының ауруларына қарсы қолдануға тіркелген жүйелі және жанамалы әсерлі фунгицидтер ол үшін тиімсіз болып отыр. Бактериялы күйік алма және алмұртпен қатар, сүйекті жеміс пен сәндік ағаштарды да залалдайды. Аталған ауруға алмұрт ағашының қарсы тұру қауқары төмен. Тіпті жеміс беріп тұрған ағаштар бұл дертке шалдыққан соң 3-4 жыл аралығында қурап кетеді.
Мәселен, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарына дейін жеміс ағаштарының бұталары мен түсік жапырақтарында қыстап шыққан ауру қоздырғыштарының инфекциясын жою үшін көктем мезгілдерінде бақтарда көгілдір бүрку жүргізілетін. Бір гектар жерге 10-15 кило мыс купоросы жұмсалатындықтан, бұл экологиялық тұрғыдан тиімсіз болатын. Сондықтан да жеміс күйігінің кең таралуының бір себебі соңғы жылдары осы шараның қолға алынбауынан болуы да мүмкін.
Еліміздегі карантинді нысандар тізімін, республика аумағына тасымалдану жолдары мен мүмкіндіктерін, таралған жағдайда олардың фитосанитарлық қатері мен жергілікті жағдайға бейімделуін анықтаумен, сонымен қатар оларды оқшаулап, жою шаралары жайлы нақты ұсыныстар дайындаумен Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты айналысады. Алайда көпшілік жағдайда карантинді ағзалардың экологиясы, олардың жерсініп, таралу мүмкіндігі және оған табиғи факторлардың әсері терең талданбайды. Мәселен, 100 миллион теңгеден аса қаражат бөлінген ғылыми мекеменің 2013 жылғы есебінде картоп фитофотрозы қоздырғышының жерсіну мүмкіндігі өте жоғары екені көрсетілген. Ал шындығында аталған нысан Беларусь пен Ресей Федерациясынан картоп түйнектерімен соңғы жарты ғасырда 1-2 рет қана тасымалданды. Бұл еліміздің картоп өсіретін аймақтарында дақылдың өсу кезеңінде ауа температурасы жоғары, ал топырақ ылғалдылығы төмен болғандықтан таралып кете алмады. Сондай-ақ карантинді ағзалар таралған жағдайда орын алуы мүмкін экономикалық шығынға келсек, күмән тудыратын болжамдар кездеседі. Сол ғылыми мекеменің есебіндегі хризантема гүлінің ақтатынан келетін шығын 5,6 балл, жатаған кекіренікіне жақын, яғни 7,1 екеніне сену қиын. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі Фитосанитарлық сараптау мен болжау әдістемелік орталығының мәліметінше, соңғы рет бұл 2014 жылы 353959 гектар егіс алқабына таралыпты.
Кейбір карантинді нысандардың, атап айтқанда, қауын шыбыны мен жеміс дақылдарының бактериялы күйігі еліміздің аумағына кең таралуының ең басты себебі оларды жою немесе таралуын шектеу мақсатында қолданылатын ғылыми негізделген шаралар жүйесінің болмауынан болып отыр. Мәселен, тарала бастағанына он жылдан аса уақыт өткен қауын шыбыны туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Карантинді нысандардың таралуы және 2015 жылға болжамы» деп аталатын ресми ақпаратында ұсынылған химиялық шаралардың орындалу мерзімі нақты көрсетілмеген. Айталық, зиянкес қауын түйін тастаған кезде жұмыртқалап, дернәсілдері жеміс ішіне еніп, тіршілігін жалғастырады. Ауа райына байланысты ол бір рет қана жұмыртқаламайды, жылына екі ұрпақ береді. Сондықтан да химиялық шара жылына екі-үш рет қайталануы керек.
Карантинді нысандардың республика аумағына кездейсоқ таралуына жол бермеу және енген жағдайда олардың ошақтарын жылдам жою үшін шаралардың ғылыми негіздемесін дайындайтын ғылыми орталықтың және оларды тікелей орындаумен айналысатын Ауыл шаруашылығы министрлігінің әр облыс пен
аудан орталықтарындағы карантин инспекциясы қызметкерлерімен қатар, тауар өндірушілердің де жауапкершілігін арттыру қажет.
Еліміз үшін тағы бір биологиялық қатер гендік тұрғыдан тегі өзгерген дақылдардың өнімін азық-түлік үшін пайдалану болып отыр. Мәселен, АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде бұл әдіс майлы бұршақ, жүгері мен рапстың жаңа сорттары мен будандарын шығаруда кеңінен қолданылып келеді. Мәліметке сүйенсек, осыдан он жылдай уақыт бұрын дүние жүзі бойынша тегі өзгертілген дақылдар 58,7 миллион гектарда егіліп, егіс көлемінің 15 пайызын құраған екен. Енді бүгінде трансгенді сорттардан алынған өнімді малға жем, адамзатқа азық-түлік үшін пайдалану олардың ағзаларында қандай өзгерістер тудыратынын анықтайтын нақты тұжырым жоқ. Елімізде бұл бағытта жан-жақты терең зерттеу жұмыстары жолға қойылмағандықтан, ендігі жерде осы мәселе шешімін тапса деген ой бар.
Мұрат ҚОЙШЫБАЕВ,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор