• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
Білім 08 Маусым, 2018

Көшелі университеттегі көшпелі отырыс

511 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақ­стан халқына Жолдауын төртінші өнер­­кәсіп­­тік революция жағдайындағы мүм­­кін­­діктерге арнағанын көзіқарақты жұрт жақсы біледі. Жолдауда Елбасы төр­тінші өнеркәсіптік революция дәуі­ріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қар­­қын­ды өзгерістер кезеңіне бүкіл әлем қадам басып келе жатқанда, дү­ние жүзі ел­­дері­нің сенімі мен құрме­тіне бөленіп, бренд­­ке айналған тәуелсіз Қазақ­стан бұл үде­­ріс­­тен тыс қала алмайтынын жет­кізді. 

Елбасы Н.Назарбаев Жолдауында: «Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуға тиіс. Ол ең алдымен жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейімдеумен айналысуы қажет. Осыған орай аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау керек. Олар диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылы­ғы кеше­нінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылым­мен айналысатын мамандарды даярлауға тиіс. Бұл жоғары оқу орын­дарынан оқу бағдарламаларын жа­ңар­тып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық білім мен үздік тәжірибені тарата­тын ор­та­лықтарға айналу талап етіледі», деген-ді.

Қазақ Ұлттық аграрлық универси­теті осы талап негізінде оқу үдерісінде инно­­ва­циялық және озық әдістерді пай­да­лана отырып, ауылшаруашылық маман­­дарын даярлау сапасын ұдайы арт­тыру қағидатын берік ұстанып келеді. Оқу орны базасында Агротех­ноло­гиялық хаб құрамына кіретін Қазақ­стан-Жапония, Қазақстан-Беларусь агроинженерлік, су, тұрақты егін шаруа­шылығы, агроөнеркәсіптік кешенге сандық технологияларды енгізумен айналысатын ситуациялық орталық­тар, инновациялық жылыжай, коллек­ция­лық бақ, Мемлекеттік индустрия­лық-инновациялық даму бағдарла­масы шеңберінде мамандар даярлауға арналған ғылыми-зерттеу зертханалары, «Н.Назарбаев білім және ғылым» орталығы, «Аграрлық білім-ғылым-өндіріс интеграциясы» көрмесі бар және осы аталғандар қызу жұмыс істеп тұр. 

Оқу орнына 2001 жылы ректор болып тағайындалған академик Т.Есполовтың шебер ұйымдастырушылығының нәти­же­сінде бүгінге дейін Қазақ ұлттық аграр­лық уни­верситетінде көзге көрінер қо­мақ­ты, ауыз толтырып айтарлықтай ауқым­ды іс-шаруалар атқарылып келеді. Ел­басы тапсырмасын орындау мақса­тын­да агроөнеркәсіптік кешен саласында білікті мамандар даярлау және ауыл­шаруашылық өндірісіне ІТ технология­ларды енгізу» тақырыбында 2018 жыл­дың 11 маусымы күні өтетін Парламент Мәжілісі Аграрлық коми­тетінің көшпелі отырысының осы оқу орнында өтуі де басшының біліктілігін білдірсе керек.

Айта кету керек, Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.Божко бастаған депутаттардың қатысуымен өтетін бұл шарада «Агроөнеркәсіптік кешен саласында кадрларды даярлау және ауыл шаруашылығы өндірісіне ІТ технологияларды енгізу» бойынша нақты ұсыныстар беріліп, талқыланады. 

Еділ АНЫҚБАЙ, Журналистер одағының мүшесі