• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2018

Цифрлы сауаттылық – маңызды өлшем

1060 рет
көрсетілді

Елбасы «Төртінші өнеркәсіп­тік революция жағдайын­дағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында еңбек нарығы­ның тиімділігін қамтамасыз ету­дің, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағ­дай жасау­­дың қажеттілігін атап көр­сеткен болатын.

Бұл орай­да озық технологияларды өн­діріске енгізу, кеңінен қол­дану, ең алдымен цифрландыру жө­нін­дегі қанатқақты бағдар­ла­маларға жүгіну мамандарды кәсіби жағынан дайын­дау­дың, біліктілігін арттырудың ма­ңыз­ды қадамы болып табылары сөзсіз. Облыс орталығында жұ­мыс­сыз азаматтар үшін цифрлы сауаттылықты оқыту бойынша IT-орталығының ашылатыны соның бір айғағы болып табылады. «Нұр Отан» партиясы об­лыс­тық филиалында өткен бас­қосуға жұмыспен қамтуды үй­лестіру және әлеуметтік бағ­дар­ламалар басқармасы мен «Есіл» дамыту аймақтық орта­лы­­ғы­ның өкілдері қатысып, жұ­мыс­­сыз азаматтар және өзін-өзі жұ­мыспен қамтушылар үшін IT-орталықтар құру, цифрлы жобаларды жүзеге асыру мәселелері аясында ой-пікірлер алмасып, меморандумға қол қойды.

Филиал төрағасының бірін­ші орынбасары Артур Мол­да­ғұлов меморандумда партия­ның жаңа жобасын жүзеге асыру­дың алғышарттары қарасты­рыл­ғанын, ондағы мақсат аза­мат­тардың цифрлы сауатты­лығын арттыруды және білікті IT-мамандар пулын әзірлеуді діттей­тінін атап көрсетті. Таяу арада облыс орталығында екі IT-ор­талық ашылатынын, бұл жұ­мыс аудандарда да жал­ға­са­­тынын жеткізді. Алғашқы жылы жүзден астам мамандарды оқыту жоспарланған. Жоба­ға қа­ты­сушылар сұранысқа ие цифр­­лық дағдыларына және бағдарла­ма­лардың заманауи тілдерінде оқытылатын болады.Түлектерді жұмысқа орналастыруға жәр­дем беріледі. Оның түпкі қоры­тын­дысы IT-кәсіпкерлікті дамыту басым­дығына негізделеді. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы алдында ІТ-орта­лықтардың тізбесін айқындау міндеті тұр. Қала мен аудан­дық жұмыспен қамту ор­та­лық­тарына ІТ-орталық­тарға оқу­ға жіберілетін тұлғалардың контин­гентін нақты анықтау тапсырма­лары жүктелді. Өз кезегінде «Есіл» дамыту аймақтық орта­лығы IT-мамандарды даярлау және оқыту бойынша қызметтер ұсынады.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы