• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Маусым, 2018

«SAMGAU» фестивалі шымылдық түрді

598 рет
көрсетілді

Арқа төрінде бас қаланың 20 жылдығына арналған «SAMGAU» VI халықаралық театр фестивалі өз шымылдығын түрді. Алдағы бір апта бойы, маусым айының 10-ы мен 17-сі аралығында елорда театрларының сахнасында еліміздің және таяу шетел өнер ұжымдарының үздік қойылымдары көрермен назарына ұсынылады. 

Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізіліп келе жат­қан айтулы өнер дума­нының басты мақсаты – теат­р өнері саласында ынты­мақтастықты нығайту. 

– Самғау сөзінің мағы­насы өте кең. Бүгінгі өнер дума­нының негізінде байланыс­тырсақ, онда бұл атау – өнер көгінде қалықтау, шабыттың шыңында жүру, әрдайым үздік болу деген мазмұнға саяды. Осы жылдар ішінде фестиваль өзінің басты міндеті – елорда мәдениетін дамыту және қазақстандық театр өнеріне деген қызығушылықты арттыру, шетелдік серіктестермен рухани-шығармашылық ын­ты­мақтастықты нығайту, гу­манитарлық байланыстар­ды кеңейту сынды алды­на қойған мақсаттарын абы­­рой­­мен еңсеріп келеді. Бү­гінде «SAMGAU» – отан­­­дық және әлемдік театр өнері ма­мандарының шығар­ма­шылық пікір алмасу алаңы ғана емес, сахна са­ласы қыз­меткерлері мен аста­на­лық өнер жанашырлары үшін әр жыл сайы­н асыға кү­те­тін сүйікті өнер мере­ке­сіне де айналып үлгерді. Сон­­дықтан фестивальдің бар­лық қатысушыларына сәт­тілік және жеңіс тілеймін, – деп өз құт­тықтауын жеткізді фес­ти­­валь­дің салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Астана қала­сы әкі­мінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Бүгінде елорда мәде­ние­тінің ажырамас бөлігіне айналып үлгерген «SAMGAU» ха­лықаралық театр фестивалі осыдан 6 жыл бұрын Аста­наның 15 жыл­дық мерейтойы­на орай, қала әкімдігінің қолдауымен өткізілген болатын. Бас шаһар мәдени-рухани өмірінің тынысымен таныстыруды мақсат тұтқан өнер думаны 2012 жылы қала күні қарсаңында тұңғыш рет өз шымылдығын түрді. Содан бергі 6 жыл уақыт аралығында фестиваль аясын кеңейтіп, мазмұнын байытып, бүгінде бас қаланың басты мәдени оқиғасына айналды. 

Биыл фестивальға Сербия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татар­­стан, сонымен қатар Петро­павл, Өскемен, Шым­кент және Астана театрлары – барлығы 12 өнер ұжы­мы қатысады. Сондай-ақ театр сүйер қауым фести­валь бағдарламасы аясында Қа­зақ ұлттық өнер универ­ситеті сту­денттерінің «Қозы Көр­пеш-Баян сұлу» және «РЭволюциЯ» атты қос бірдей өзін­дік жұмысын да та­машалай алады. 

Астана қаласының 20 жыл­дығына арналған «SAMGAU» VI халықаралық театр фес­тивалінің тағы бір қуа­ныш­ты жаңалығы – фестиваль осы жылдан бас­тап атауы мен форматын өзгертті. Яғни бұған дейін «Сахнадан сәлем!» аталып келген өнер думаны биылдан бастап «SAMGAU» атауы­н иеленді. Сондай-ақ үздік атанған қойылымдарға арнайы жүлде қоры тағайындалды. Фестивальға қатысып, үздік өнер көрсеткен ұжымдар: «Үз­­дік спектакль», «Үздік ре­­­­жиссура», «Үздік ер адам бей­­несі», «Үздік әйел адам бей­несі», «II пландағы ер адам бей­несі», «II пландағы әйел адам бейнесі», «Үздік суретші» ата­лымдарында және КСРО халық әртісі, Қазақстанның Ха­лық Қаһарманы Ә.Мәмбетов атындағы арнайы сыйлықпен ма­рапатталатын болады. 

Астана қаласы Жастар теа­тры ұсынған Н.Гогольдің «Ре­визор» трагифарсымен (спек­­такльдің қоюшы режис­сері – Қазақстанның еңбек сі­ңірген қайраткері Нұр­қанат Жа­қыпбай) ашылған мәдени шара бір апта бойы Астана төрін театр өнерінің думанына бөлейтін болады.

Назерке ЖҰМАБАЙ,  «Егемен Қазақстан»