• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Маусым, 2018

Астанада дабылды ескерту жарияланды

250 рет
көрсетілді

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Қазгидрометтің мәліметі бойынша сәрсенбі, 13 маусымда Астанада күндіз найзағай жарқылдауы мүмкін. Дабылды ескертудің ықтималдығы 85-90% құрайды. Солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с-қа дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде +9…+11°С, күндіз +17...+19°С көрсетеді. 

Бейсенбі, 14 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады деп болжануда. Жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні 5-10, түнде 15-20 м/с-қа жетпек. Ауа температурасы түнде +5…+7°С, күндіз +21…+23°С құрайды. 

Жұма, 15 маусымда да жауын-шашынсыз құбылмалы күн райы күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 5-10 м/с, күндіз 15 м/с-ты құрайды. Сынап бағанасы түнде +13…+15°С, күндіз +25…+27°С-ты көрсетеді.