Кеше «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді. Ол ең алдымен Ақтөбе қаласындағы № 56 жалпы білім беретін орта мектепте болып, мұнда ашылған IT-сыныптың негізінде тұтастай облыстағы осы істің жай-күйімен танысты.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьБұл мәселе бүгінде «Нұр Отан» партиясының бастамасына орай ел өңірлерінде қанат жая бастағаны белгілі. Соның алдыңғы легінде Ақтөбе облысы тұр. Тегін оқытылатын IT-сыныптардың көкжиегін кеңейту үшін материалдық базаға қоса тиісті маман-педагогтер әзірлеу ісінің маңызы жоғары. Осыған орай қазірдің өзінде 21 педагог арнайы дайындықтан өткізілген. Бұған қоса, 35 оқытушы осы салаға мамандану үстінде. Қазіргі күні облыста IT-сыныптар жасақтау ісі бел ортадан асып келеді. Оның бәрі бюджеттен тыс көздер есебінен қаржыландырылған.
– Бұл – «Нұр Отан» партиясының қызметін жаңғырту аясында белгіленген басты жобалардың бірі. Оқушыларға бағдарламалық бағыттар мен робот техникасымен құрастырудың басты негіздерін үйрететін оқытудың заманауи тәсілі бұған дейінгі информатика пәні атқарып келген міндеттерден өзгешелеу. Екеуінің атқаратын қызметі екі бөлек. Біз оны жүргізуді шетелдің озық әдіс-тәсілдері негізінде одан әрі жетілдіре түсуді ойластырып отырмыз. Әрине дәл көшірілген күйінде емес, оның бәрі өз мемлекетіміздің менталитетін ескере отырып енгізіледі, – деді М.Әшімбаев.
Сондай-ақ облыс мектептеріндегі асханалар жүйесін жаңғырту ісімен танысу сәтінде ол бұл істе тиісті стандарттық жүйе жасақтау қажеттігіне тоқталды. Соған сай балалардың тойып тамақ ішуі шарт бола қоймайды. Ең бастысы, мектептің асханалар мәзірінде дәруменнің құнары мол тағам түрлері мол болуы тиіс. Сонымен бірге жас өскіндерді тамақ ішу мәдениетіне дағдыландыру ісі де артықтық етпейді. Осы ретте Мәулен Сағатханұлы Ақтөбе облысының мектептерінде мемлекет-жекеменшік әріптестігі негізінде құрылған мектеп асханалары жүйесіне оң баға берді.
«Нұр Отан» партиясы қолға алған бағдарламалардың басты бір бағыты «Рухани жаңғыру» деп аталады. Қазіргі кезде партияның бастамасына сәйкес отандық кітапханаларды жаңғыртудың және оны қазіргі заманғы білім орталықтарына айналдырудың кең ауқымды бағдарламасы белгіленген. Мұндағы басты ерекшелік, аталған істің тек қалалар мен облыс орталықтарында ғана емес, сонымен бірге ауылдық жерлерде де жоғары стандарттарға сәйкес болуы басты назарға алынуында. Осындай биік талаптарға жауап бере алатын рухани орталықтың бірі Алға ауданына қарасты Бестамақ ауылдық кітапханасы болып отыр.
Партия Төрағасының бірінші орынбасары еліміздің шалғай аудандарының бірінде орналасқан осы ауылдық кітапхананың қызметімен танысып, мұндағы оң тәжірибелерді еліміздің барлық ауылдық кітапханаларына үлгі ретінде ұсынуға болатынын мәлімдеді. Аталған елді мекендегі кітапхана «Нұр Отан» партиясы жобасының игілігі мен тигізген шапағаты негізінде жаңғыртылғанын айтты.
Сонымен бірге Бестамақ ауылындағы орта мектептердің жанынан «Мектептердің спорт алаңдарын түбірімен қайта жасақтау» атты партиялық жоба шеңберінде құрылған білім ордасының әмбебап спорт алаңы да алыстан менмұндалайды. «Міне, тағы бір үлгі, тағы бір өнеге осы спорт алаңынан көрінеді», деп жоғары баға берді партия басшысының бірінші орынбасары. Аталған спорт кешені облыста іске асырылып жатқан «Бақытты бала» жобасы аясында тұрғызылған. Мұнда оқушылардың футбол, волейбол, баскетбол, гандбол және тенниспен емін-еркін шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Кешеннің тағы бір ерекшелігі, аталған спорт түрлері бойынша үйірмелер жұмыс істейді.
«Нұр Отан» партиясының бүгінгі күні жаңғырту аясында қолға алған жобаларынан бөлек мұның алдындағы бұрынғы жобалар да қазіргі күнге дейін сабақтастығын үзбей келеді. Соның бірі – «Кедергісіз келешек» жобасы. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге қолдау көрсетуге бағытталған. Партия белгілеген осындай талаптар мен міндеттерге толық жауап бере алатын Ақтөбе облысындағы «Күншуақ» атауын иеленген балаларды сауықтыру лагері болып отыр.
Тек елімізде ғана емес, сонымен бірге ТМД аумағында баламасы жоқ әлеуметтік мекеме туабітті әртүрлі дерттерге, аутизмге және Даун синдромына шалдыққан балалардың демалуына және емдік гимнастикамен шұғылдануына арналған. Тіпті мұнда мүгедек балалардың аналары бірге болуы үшін де тиісті жағдайлар қарастырылған. М.Әшімбаев облыстағы «Күншуақ» арнайы лагері республиканың өзге өңірлері үшін басты базалық құрылым ретінде әдістемелік тәжірибені бөлісе алатынын айтты.
Ақтөбе облысына сапары аяқталған соң Мәулен Сағатханұлына өңірге жасаған сапар қорытындысы бойынша сауал қоюдың сәті түсті.
– Ақтөбе облысына жасаған сапарымыздың аясында біз Ақтөбе облысының әкімі, партия облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев жетекшілік жасайтын филиалдың жұмысымен танысып, олар Елбасы тапсырмаларын орындауда нәтижелі жұмыстар тындырғанына көз жеткіздік. Өңірде цифрландыру деңгейі де жоғары. Бір сөзбен айтқанда, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы қолдау білдірген партиялық жобалардың бәрі Ақтөбе облысында ойдағыдай іске асырылып жатыр деп айтуға болады. Сондай-ақ бірқатар бағыттар бойынша аймақта іске асырылған оң тәжірибелерді өзге өңірлерге де енгізудің берері мол деп есептеймін, – деді М.Әшімбаев.
Сапарының соңында М.Әшімбаев «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық активімен кездесіп, партиялық жобаларды жүзеге асырудың тиімді тетіктерін жан-жақты саралап берді. Сондай-ақ ақтөбелік нұротандықтарға бірқатар тың міндет жүктеді.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
АҚТӨБЕ