• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Маусым, 2018

Отпен күрескен он жеті жыл

743 рет
көрсетілді

Азаматтық қорғау майоры Леонид Муньконың өртке қарсы қызмет саласында еңбек етіп жүргеніне 17 жылдан асты.

Ол 1997 жылы Ақмола аграр­лық университетінің инже­нерлік-пе­дагогикалық факультетін бітір­ген соң Солтүстік Қазақстан об­лысының Целинный ауда­нын­дағы Ставрополка ауылын­да «Намыс» ЖШС-ның машина-трактор паркін пайдалану жөніндегі инженер болып еңбек жолын бастады. Одан соң Рузаев атындағы №12 кәсіптік-техникалық мек­­тебін­де жол ережесі мен техни­ка қауіпсіздігі негіздері пә­ні­нен сабақ берді. Сөйтіп жүр­ген­де Солтүстік Қазақстан об­лысы Мемлекеттік өртке қар­сы қызмет басқармасының Це­линный ауданы, Рузаев селосындағы 16-ӨСБ-не өрттің алдын алу инспекторы қажет болып жатқаны туралы хабарды естиді. Ал Леонидтің Ақмола аграрлық университетінде әскери кафедраны бітіргендіктен, лейтенант шені болатын. Сөйтіп жоғары білімі мен офицерлік атағы бар болғандықтан, барлық талаптарға сәйкес келіп, 2000 жылы қыркүйекте ол өрттің алдын алу тобының инспекторы ре­тінде қызметке орналасты. Бұл оның ішкі істер саласындағы еңбек жолының бастауы болатын. Леонидтің алғашқы тіке­лей жетекшісі және ұстазы, сол кез­де Рузаев селосындағы өрт­тен қорғау бекетінің бастығы бол­ған ішкі қызмет майоры В.Галюкевич еді. Леонид тәлімгердің көмегімен нормативтік құжаттамаларды үйрене отырып, жаңа кәсіпті тез арада игерді. Ол қысқа мерзім ішінде өрттің алдын алу саласы бойынша білікті маманға ай­налды. «Мемлекеттік өрт ба­қы­­лаудың үздік инспекторы» ата­ғы­на арналған облыстық бай­қау­ларға бірнеше мәрте қатысып, жарыс жеңімпазы атанды.

Кәсіби деңгейін одан әрі көтеру үшін Леонид 2002 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтына түсіп, 2005 жылы оны жақсы аяқтап, екінші жоғары білім алды. Ал 2008 жылдан бері Леонид Александрович Ғабит Мүсірепов ауданындағы Рузаев өрт бекетін басқарып келеді.

Азаматтық қорғау майоры Л.Мунько осы жылдар ішінде 300 рет әртүрлі өрт оқиғаларына қа­тысты. Кейде өртті жалғыз өзі сөн­дірген кездері де болған. 2016-2018 жылдары өз аймағындағы су тасқынының салдарын жоюға да бір кісідей атсалысты.

Алғашқы күндерден бас­тап өрт сөндіру қызметі бас­шы­лы­ғы мен әріптестері Леонид Мунь­коны жауапты да өз ісін ұр­шықша иіретін азамат ретінде бі­леді. Әріптестері арасында ол құр­метке лайық, бірге қызмет ете­тін және өз қарамағындағы әріп­тестеріне әрдайым көмек көр­сетуге дайын. Бірнеше рет оның еңбекқорлығы мен кәсіп­қой­лығы, қызметтік борышын адал атқаруы, сондай-ақ ауыл­дық округтің өміріне белс­ен­ді қатысқаны еленіп, дип­лом­дармен және медальдармен марапатталды.

Андрей ЦИХОВИЧ 

Солтүстік Қазақстан облысы