• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Маусым, 2018

Маңғыстауда Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік шара өтті

370 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде Қазақстан полициясына 26 жыл толуына орай мерекелік шара өтті.

Салтанаты шараға облыс әкімі  Е.Тоғжанов, полиция ардагерлері,  департаменттің барлық жеке құрамы және басқа да қонақтар қатысты.

Бірқатар тәртіп сақшылары аймақ басшысының Алғысы хатына ие болса, 4  полиция қызметкеріне отбасымен демалуға туристік жолдама, қызметкерлердің балалары үшін жазғы лагерге 45 жолдама берілді.

Маңғыстау облысы ІІД бастығы полиция полковнигі Қ. Таймерденов салтанатты шараға қатысып отырған жеке құрамды, барлық полиция ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, олардың жасаған ұзақ жылғы қызметі үшін  алғысын білдірді. Полиция басшысы облыстың Департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайту жолында көптеген жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

«Облыс әкімдігінің қолдауымен автопарк жыл сайын жаңартылуда, жаңа құрал-жабдықтар алынуда, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін пәтер кілті табысталуда.  Тәртіп сақшылары азаматтардың тыныштығы үшін бар күштерін салуда. Біздер әскери міндетін өтеу кезінде қаза болғандарды ұмытпаймыз», деп атап өтті ол.

Салтанатты жағдайда ҚР ІІМ-нің бұйрығымен қылмыспен күресте және жедел қызметте жоғары көрсеткіштері үшін полиция қызметкерлері медальмен, грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ, «Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері» төсбелгісімен В.Щербак, Д.Сарғожаев  марапатталса,  ІІД ЖПҚ бөлімінің бастығы М.Дайханбаевқа полиция полковнигі атағы берілді, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция полковнигі М.Сералиев;  II дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен  полиция майоры   А.Коренских, полиция капитаны В.Аванесян, аға лейтенант  Е.Аманқосұлы, ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен полиция майоры  Е.Балғабаев, ҚР ІІМ Грамотасымен  полиция капитаны Б.Кузенбаев және тағы басқалар марапатталды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы