• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Маусым, 2018

«Егемен Қазақстан» Бас редакторының орынбасары «Сөз зергері» атанды

369 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы жыл сайынғы журналистер арасындағы «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл байқау осымен тоғызыншы мәрте ұйымдастырылып отыр.

Байқау комиссиясы тағайындауымен «Егемен Қазақстан» Бас редактордың орынбасары Сейфолла Шайынғазы «Сөз зергері» - газеттің ең үздік журналисі атанды.

Сейфолла Шайынғазы 1955 жылы 3 ақпанда Қостанай облысының Науырзым ауданында туған. 1972 жылы «Кустанайский комсомолец» кеңшарындағы Мереке орта мектебін бітірген соң Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді.

1996 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі болып жұмысқа тұрды. Кейін редакция Алматыдан Астанаға қоныс аударған соң редакцияда шолушы, бөлім меңгерушісі болып қызметтер істеді. Бүгінде осы газетте бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарады. Бірнеше кітаптардың авторы. «Құрмет» орденімен марапатталған,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.