• RUB:
    5.22
  • USD:
    478.96
  • EUR:
    533.03
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Шілде, 2018

Автоматтандырылған қызмет саны артуда

487 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде «Бір терезе» қағидасын қолдану арқылы бизнесті мемлекеттік қолдау үдерістерін цифрландыру барысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Ә.Омарқожаев өз сөзінде «Бәйтерек» холдингі ірі қар­­жылық даму институты ре­тінде өз қызметін цифрлан­дыру мәсе­лелерін жүйелі ат­қаруды жолға қойғанын атап өтті. Сондай-ақ спикер қазіргі уақытта «Digital Baiterek» жобасын іске қосудың арқасында холдинг бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын цифр­ландыруды жүзеге асырып жат­қандығын сөз етті.

«Атап айтқанда, холдингтің 2018-2023 жылдарға арналған цифр­ландыру стратегиясы жүзеге асырылуда, онда қыз­метінің алты негізгі бағы­ты және жиырма нақты цифр­лық қадам белгіленді. Бүгінгі күні холдингтің 19 қызметі авто­маттандырылған. Бұл – «Бә­йтерек» ҰБХ» АҚ-тың барлық қызметтерінің 70 па­йы­зы. «Бәйтерек» хол­дингі көп жылдан бері цифрланды­ру жұмыстарын жүйе­лі түр­де жүргізіп келеді. Бұл ретте холдингтің «Элек­трон­ды үкімет» порталы шең­бе­­­рінде бизнесті қолдау бо­йын­ша оң тәжірибесі бар. Цифрландырудың соң­ғы нә­тижесі – холдинг жұмы­сы­ның тиімділігін арттыру, қаражат пен уақытты үнем­­деу, азаматтардың біз­дің қыз­­меттерімізге қол­жетім­ді­л­ігін қамтамасыз ету және бар­­лық клиенттерге бағ­дар­лан­ған процестердің ашық­тығын қамтамасыз ету. Біз барлық қызметтерімізді цифр­­­ландыруға және хол­динг­тің бірыңғай цифрлық эко­жүйесін жасауға тырысамыз», деді Ә.Омарқожаев өз сөзінде.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар