• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Хоккей 10 Шілде, 2018

«Барыс» үздіктердің арасында 55-орынға жайғасты

405 рет
көрсетілді

HockeyArchives порталы 2017/2018 жылғы маусымның қорытындысы бойынша шайбалы хоккейден Еуропаның үздік 250 командасының тізімін жария етті.

Үздіктер көшін Санкт-Петербордың СКА клубы бастап тұр. Екінші және үшінші орындарда – Швецияның «Векшесі» мен Мәскеудің ЦСКА-сы. Сондай-ақ, «Ақ Барс» (Қазан, Ресей), «Кярпят» (Финляндия), «Комета» (Чехия), «Юргорден» (Швеция), «Берн» (Швейцария), «Мюнхен» (Германия) және «Таппара» (Финляндия) сынды ұжымдар «ТОП-10» команданың қатарында қосылды.

Былтыр 34 үздіктің санатынан көрінген Астананың «Барысы» соңғы маусымда Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) плей-офф додасының жолдамасына иелік ете алмаған еді. Соның салдарынан әлемдік рейтингтегі жағдайын күрт нашарлатып алған жерлестеріміз бұл жолы 55-орынды қанағат тұтты.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН, «Егемен Қазақстан»