• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Желтоқсан, 2011

Қоныс тойын тойлайды

364 рет
көрсетілді

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесінде желтоқ­сан­дықтардың бір тобына жаңа баспана берілетін болды. Алматы қалалық әкімдігінде өткен жиында қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов бұдан ширек ғасыр бұрын, яғни 1986 жылдың желтоқсан айында Алматыда өткен Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан алты пәтер бөлінгені туралы хабарлады. Олардың арасында Серік Төлеген, Аманғазы Кәріпжан, Бақытжан Тұрдалиева, Ғайнолла Айманов, Асқарбай Бекбосынов және Валерий Каро-Мадэ сияқты тұрғындар бар. Алматы қаласы­ның Бостандық, Алмалы және Әуезов аудандық әкімдіктерінде тұрғын үй кезегінде тұрғандар Қазақстан Республикасы Тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына орай қоныс тойын тойлайды. Бақыт БАЛҒАРИНА. Алматы.