• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Желтоқсан, 2011

Алты үйдегі қуаныш

274 рет
көрсетілді

Қарқаралы ауданының қиян түкпіріндегі 6 түтінді аядай ауыл – Шілдебайдың тұрғындары ел мерейтойы алдында үлкен қуанышқа бөленді. Жер шалғайлығына байланысты біраз жылдан бері электр қуаты ағытылып қалған Мыржық тауының баурайындағы бұл елді мекеннің әр үйі кеше самаладай жарқырады. 10 шақырым қашықтықтан арнайы тартылған жоғары кернеулі электр желісі ауылдықтарды үлкен қуанышқа кенелтті. Көшеге, аулаларға орнатылған 9 шам алыстан көз тартқызады. Бұл істі жергілікті «Энергия ДСБ» ЖШС мерейлі мерекеге дейін атқарып шығуды жыл басында жобалаған еді. Олар өз сөздерінде тұрды. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы.