• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
20 Шілде, 2018

Гомерден қалған мұра

125 рет
көрсетілді

Ежелгі Олимпиядағы Пелопоннес ара­лында – алғашқы олимпиада ойын­дары туған жерде грек-неміс археолог­те­рі тарихи жәдігерге тап болды. Ар­хе­­ологиялық жұмыстар кезінде Го­мер­­дің «Одиссея» дастанының үзіндісі жа­зыл­ған топырақ тақтайшасы табылған.

Тақтайшада «Одиссеяның» XIV рапсодиясының он үш жолы Итака пат­ша­сы Одиссейдің сенімді досы Эв­мей­­ге қа­рата айтылған сөзі жазылған. Ар­хе­о­ло­гтердің айтуынша, біздің зама­ны­­мыз­ға дейінгі III дәуірге тиесілі жә­ді­гер Гре­цияны римдіктер билеген уа­қыт­тан қалған. Қазірдің өзінде бұл жә­дігер ар­хеологиялық, эпиграфиялық, әде­би, та­­ри­хи құнды экспонат ретінде баға­ла­нып отыр.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»