• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Шілде, 2018

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

316 рет
көрсетілді

Қазақстанның кей жерлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 22 шілде күні ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Атап айтқанда республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашынсыз күн райы болжанады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады. Күндіз солтүстікте, орталықта, батыс пен шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 25 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Батыс Қазақстанда  дауыл күтіледі.

Жамбыл, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде найзағай байқалып, жел 15-22 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с болады.

Сондай-ақ Алматы, Қызылорда, Атырау облыстарында, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

Түркістан облысында қатты ыстық, шөлді аудандарда өте қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.