• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Әдебиет 25 Шілде, 2018

Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Жазушылар одағының өкілдерімен кездесті

520 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев одақ төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған «Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Кездесу барысында Қазақстан Жазушылар одағының жаңа шығармашылық жобалары мен қазіргі мәселелері талқыланды. Қазақстанның Жазушылар одағы — еліміздің әдебиетші қауымын біріктіретін республикалық қоғамдық бірлестік формасындағы шығармашылық ұйым.

Одақтың құрылымында қазақ, орыс, ұйғыр (1932 жылдан бастап), неміс және кәріс (1977 жылдан бастап) әдебиеті бойынша шығармашылық секциялар бар. Өңірлік құрылымында — Астана, Қарағанды, Семей, Орал, Шымкентте облысаралық бөлімшелері бар.