• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2011

Отанымыз – ортақ

468 рет
көрсетілді

Облыс делегациясының құ­рамында Астанадағы Тәу­ел­­сіз­дік сарайында Ұлт көш­бас­шы­сы Нұрсұлтан Назар­баевтың республика Тәуел­сіз­дігінің жи­ыр­ма жылды­ғына арналған сөзін тікелей тыңдадым. Жү­рек­тен шық­қан сөз ғана жү­рек­ке жетеді дегендей, Елбасының тәуел­сіз­діктің қа­дір-қасиеті және оны одан әрі ны­ғайту жө­­нін­де барша қазақстан­дық­тарға ар­наған шы­найы тілегі мен лебізі бәрімізді толқыт­ты. Мемлекет басшысы өзі­нің сөзінде елдің басты бай­лығы бірлік екеніне бірнеше рет тоқ­талды. Жаратушы еге­мен ел халқының иығына орасан зор жүк пен ауырт­палық сал­ғанын айта келіп, оны бірге сезінуді жаны қалайтынын жеткізді. Сөз жоқ, тәуелсіздік бәрі­міз­дің баға жетпес құндылы­ғымыз болып табылады. Оны көздің қарашығындай қорғай білудің де орны ерекше. Тәуелсіз­ді­гі­мізді одан әрі нығайта түсу оған қол жеткізуден бір мысқал кем түс­пейтін аса жауапты іс деп тұжырым жасағым келеді. Бұл ретте Нұрсұлтан Әбіш­ұлы өз сөзінде тәуелсіздік­тің ең басты жетістігі және оны нығайтудың басты шар­ты – халықтар бірлігі екенін атап көрсетті. Бұл құнды­лық Қазақстан дамуы­ның кез келген сатысында ай­рық­ша маңызға ие болмақ, деп шегелей түсті одан әрі Елбасы. Салтанатты жиындағы сө­зін қорытындылай келе Мемлекет басшысы оған қа­тысушылар­дың назарын тәу­елсіздіктің жал­ғыз тірегі – бірлік екеніне тағы да аудар­ды. Өз басым Тәу­елсіздік сарайында Прези­дент­тің кез келген қазақстандықтың жү­ре­гінің түкпіріндегі ойды дөп басатынына тәнті болып отырдым. Әсіресе Нұрсұлтан Әбішұлының Отанымыз – ортақ, тілегіміз – бір, мақса­ты­мыз – айқын деген сөздері бә­рімізді әжептәуір қанат­тан­­дырып тастады. Біз, Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері осынау ой­лы сөздердің арғы астары­нан мемлекет құраушы ұлт­тың төңіре­гіне тығыз топтаса түсу қажет­ті­лігін де сезінгендей болдық. Тек сонда ғана жері жұмақ, елі ба­қытты Отанымыздың күш-қуаты, экономикасы мен мә­дениеті, ырысы мен несібесі одан әрі арта бермек. Тәуел­сіз­діктің жиырма жылды­ғына ар­налған салтанатты жиында Ұлт көшбасшысы атап көрсеткен­дей, ортақ ота­нымыз Қазақ­стан­ның одан әрі дамуына үлесі­міз­ді қосу бәріміздің ортақ міндетіміз болып қала бермек. Елбасы бүгінде этностар ара­сындағы жарасымның бірегей үлгісіне айнала білген Қа­зақ­стан халқы Ассамблея­сын құ­руға бастамашы болды. Бү­гін­де бұл үйлесім мен тәжіри­беге әлемнің көптеген елдері назар аударып отыр. Айтайын дегенім, Ассамблея өзі құрыл­ған күннен ел бірлігін нығайту мен ұлтаралық қарым-қаты­настарды тереңдетуге ықпал жасап келеді. Біз мұны да тәуел­сіздікпен бірге келген тамаша құндылық деп тани аламыз. Ольга ДЕРГАЧЕВА, Орал қаласындағы еврей этномәдени бірлестігінің төрайымы. Орал.