• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Тамыз, 2018

Орталық Африка Республикасында үш ресейлік журналисті өлтіріп кетті

622 рет
көрсетілді

РФ СІМ Орталық Африка Республикасында журналистік құжаттары бар үш Ресей азаматының қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Ресейдің СІМ-нің баспасөз қызметі.

Сибю қаласына жақын маңда белгісіз қарулы адамдар тобы шабуыл жасап, ресейлік 3 журналисті атып өлтірген.

 «Орталық Африка Республикасынан түсіп жатқан ақпарат бойынша, 30 шілдеде Сибю қаласына жақын маңда (ОАР астанасынан солтүстікке қарай 300 км - Банги қ.) Кирилл Радченко, Александр Расторгуев және Орхан Джемаль есімдеріне берілген тек журналистік құжаттары ғана бар үш адам қаза тапты», - делінген министрлік хабарламасында.

Қазіргі уақытта Ресей дипломатиялық миссия қызметкерлері жергілікті құқық қорғау органдары мен үкіметтік құрылымдармен тығыз байланыс жасап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.