• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Тамыз, 2018

Ұлттық кардиохирургия мамандары жүрек ауыстыру жөнінен әлем назарын аударған бірегей операция жасады

1642 рет
көрсетілді

Бұл – отандық медицина бағындырған биік белес, үлкен жетістік деп бағалауға әбден лайық оқиға. Елордадағы ұлттық кардиохирургия орталығы бір-бірімен тікелей байланысты аса маңызды ғылыми тәжірибені жүзеге асырды: жасанды жүректі сынақтан өткізді және сол жасанды жүректі донор жүрекке сәтімен алмастырды. Бұл операцияның барысын әлем елдерінен 30-ға тарта дәрігер арнайы келіп көрді. Осылайша, Астанамыз 20 жылдық белесінде әлемдік озық медицинаның орталығына айналып келе жатқанын да айғақтады.

Былтыр Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы жүрегінде ақауы бар Құ­нан­бай Абыраев есімді науқасқа «CARMAT» толық жасанды жүре­гін салып, пациент асқаралы алпыс жасқа аман-есен аяқ бас­қан болатын. Міне, арада тоғыз ай өткенде донор табылып, Қ.Абы­раевқа жасалған екінші ота да сәтті аяқталды. Бір жағы зерт­теу нысанына айналған ол – доно­ры табылғанша жасанды жү­рекпен жан баққан жер бетін­дегі әзірге жалғыз жан.  Еуро­падағы жетекші елдердің өзі таңдай қаққан тәжірибе отандық кардиоxирургиямыздың озық екенін тағы бір дәлелдеді.

Осыған орай Астана қала­сын­да бірінші рет пациентке то­лы­­ғы- мен жасанды жүрек им­план­тация- сынан кейін жүргі­зілген орто­топиялық жүрек трансплантация­сы туралы Ұлттық ғылыми кар­дио­хирургиялық орталық база­сын- да Денсаулық сақтау вице-министрі Алек­сей Цой, Ұлттық ғылыми кар­дио­хирургиялық ор­та­лығының бас­қарма төра­ғасы Юрий Пя және оның бірін­ші орынбасары Махаббат Бекбо­сы­нованың қаты­суымен  баспасөз мәслихаты өтті. Мәслихатта жүрек трансплантациясынан бөлек халықаралық ғылыми жобаларға қатысу, «CARMAT» жасанды жүрегі тура­лы, сондай-ақ медицинадағы инновациялық тәсілдер жайлы сөз болды.

Денсаулық сақтау вице-министрі А.Цой атап өткендей, қазіргі уақытта жасанды жүрек құрылғысының бірнеше модификациясы бар. Алайда француз ғалымдарының соңғы экс­пе­рименттері нәтижесінде құрас­ты­рылған «CARMAT»  то­лық жа­санды адам жүрегінің фи­зио­ло­гия­лық параметрлері науқас ағза­сына неғұрлым жақын болып табылған.

Орталық басшысы Юрий Пя да өз кезегінде пациентке жа­сан­ды жүрек орнатудағы бірне­ше се­бептерді ашып айтты. Нау­қас тоғыз ай бұрын донорлық жү­рек­ке дайын болмаған. Оның бауыр, өкпе және тағы басқа орган­дарының функциясы нашар­лап кеткендігіне байланысты аталған қадамға баруға тура келген. «Жасанды жүректі салғаннан кейін жағдайы жақсарды, өкпе артериясындағы қан қысымы да қалпына келді. Содан кейін барып донорлық жүректі салуға бола­тынына көз жеткіздік. Сөй­тіп үш айдан соң пациенттің жағ­дайы жақсарғаннан кейін біз до­норлық жүректі іздеуге кіріс­тік», дейді Ю.Пя.

Оның сөзін­ше, ағымдағы жылы жүрекке жасал­ған отаның саны бесеуге жеткен. «Жылдың со­ңына дейін тағы екі-үш нау­қас­қа жасанды жүрек ор­нату ота­сы жасалуы мүмкін. Се­бебі көп жағ­дайда туған-туыстар донорлыққа келісім бермейді», дейді маман.

Жасанды жүректі до­нор­лық жүрекпен алмастыру опе­рациясы 12 сағатқа созыл­ған. Әлем бойынша алғаш рет жа­салған отаны шетел­ден 30-ға жуық дәрігер көру­ге кел­­ген. Жасанды жүрек­тің ерек­шелігіне тоқтала кете­тін бол­­сақ, бұл тек қана меха­ни­ка­лық құрылғы емес, сондай-ақ бөл­­шектері био­ло­гиялық тал­шық­­тардан тұрады. Тіпті адам қо­бал­жыған жағ­дайда оның со­ғы­сы жиілейтіні де бүгінгі таң­да айтулы ғылыми жа­ңа­лық болып отыр.

«CARMAT» атты француз ком­паниясы өнімінің қазіргі бағасы – 1 млн еуро. Юрий Пя­ның айтуынша, Қ.Абраевтың жағ­­дайында мемлекет те, орта­лық та мұндай ақша жұмсаған жоқ. Француз компаниясы өз ап­­па­ратын сынақтан өткізу үшін ұсын­ған және көзіміз жеткендей тәжі­рибеден сәтті өтіп отыр. Қазақ­- стан халықаралық зерттеуге ен­гендіктен жасанды жү­ректі жа­саған компания сол ме­ха­никалық органды тегін бере­д­і әрі отасы да тегін жасалады. Арнайы сынақ нәтижесі «CAR­MAT» жүрегінің 7 жылдан астам уа­қыт бойы қызмет ететінін көр­сеткен.

Мәжілісте орталық бас­шы­сының орынбасары Маxаббат Бек­босынова қазіргі кезде Құ­нан­бай Абыраевтың жағдайы жақ­сы екенін жеткізді. «Ол өз кү­шімен жүріп-тұрады. Теле­дидар көреді. Ал донорлық жү­ректі бір жас жігіттің туған-туыс­­тары беруге келісті. Ол қай­­тыс болғаннан кейін оның бір емес, бірнеше ағзасын науқас адамдарға берді. Біз ол жігіттің ата-анасына мың алғыс айтамыз. Олар жүректі ғана емес, бүйректі де, бауырды да беруге келісті. Осы­лайша, бір адам, кем дегенде, төрт адамның өмірін сақтап қал­ды», дейді ол.

Аталған орталықта Құнанбай Абыраевтан бөлек жасанды жү­рек орнатылған екі науқас донор күтіп жатқандығын да айта кеткеніміз жөн. Жалпы, әлем бойынша 10 науқасқа жасанды жүрек құрылғысы қойылған. Ал әлем бойынша донорлық жүрекпен өмір сүріп жүрген 30-ға жуық адам бар.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»