• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2011

Халықшыл коммунистер атбасын ауылға бұрды

327 рет
көрсетілді

Бүгінде алдымыздағы жылдың 15 қаңтарында өте­тін Қазақстан Респуб­ли­касы Парламенті Мәжі­лі­сінің сайлауына қатысатын партиялар өздерінің сай­лау­алды үгіт-насихат жұ­мыс­тарына қызу кірісіп кетті. Олардың барлығы осы үдеріске берілген бір ай мерзімді барынша ұт­ым­ды пайдаланып қалуға ұмтылып отыр. Сайлау додасына қосылған сегіз партияның қатарында Қа­зақстан Коммунистік ха­лық­тық партиясы да бар. Елімізде сайлауалды үгіт жұмыстары қызу қар­қын алды. Бұл ретте Қа­зақстан Коммунистік ха­лық­­тық партиясы өңірлер­де үгіт жұмыстарын ба­рын­ша жүйелі бастады. Атап айт­қанда, Оңтүстік Қазақстан об­лысында партия белсенділері Түркістан қаласына жа­қын Нұртас, Майдантал, Бақ­берген және Қаражол ауыл­да­рында кездесулер өткізіп, ауыл тұр­ғын­дарына партия тұғыр­на­масын кеңінен та­ныс­­тыр­ды. Бұл ретте ҚКХП үгіт­шілеріне комсомол-жас­тар ұйымдарының мү­шелері елеу­лі көмек көрсетті. Олар осы ауылдарда партияның ақпараттық құралдарын та­ратып, ауыл тұрғындарымен партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жөнінде жүйелі әңгіме өткізді. Облыстың Сарыағаш ауда­нында халықшыл коммунистер үміткерлеріне дау­ыс беруге үндеген үш билборд ілінді. Абай және Қапы­ланбек елді мекендерінде үгіт парақшалары тара­тыл­ды. Сонымен бірге, Сайрам ауданының тұрғындар ең көп қоныстанған Сайрам, Қа­рабұлақ, Манкент ауылда­рын­да коммунистер жан-жақты үгіт-насихат жұмыс­тарын жүргізді. ҚКХП-ның Оңтүстік Қазақстан облыс­тық штабының төрағасы Нұр­­лан Қадырқұловтың ай­ту­ын­ша, облыс комсомол-жас­та­ры сайлауалды үгіт-на­си­хат жұмыстарында нағыз белсенділік танытып, аға бу­ын өкілдерінің игі істерін насихаттауда. ҚКХП-ның үгіт-насихат жұмыстары Қостанай об­лысында да кең көлемде жүргізілуде. Жер-жерлердегі партия штабтарында «Ха­лық­тың болашаққа деген құ­қын қайтарамыз!», «Еңбек құқы! Билік халыққа! Әді­леттілік!» сияқты плакаттар мен ұрандар ілінген. ҚКХП Қостанай облыстық коми­тетінің белсенділері жер­­гілікті тұрғындармен жан-жақ­ты үгіт-насихат жұ­мы­сын жүргізіп, пар­тияның тұр­ғынамасымен танысты­ру­да. Олар пар­тия­ның қа­ра­пай­ым халықтың мүд­де­сін қор­ғайтындығын барын­ша кең көрсетуге тырысуда. Кеше ҚКХП Астана қа­ла­сында да өзінің сай­лау­алды үгіт-насихат шара­ла­рын ұй­ымдастырып, жұрт­шы­лық­ты партияның тұ­ғыр­­на­масымен таныс­тыр­ды. Со­нымен қатар, бас­па­сөз мәс­лихаты барысында Жа­ңа­өзен­дегі оқиғаға бай­ла­ныс­ты партияның ресми көз­­қарасы жария етілді. Жур­налистердің сұрақ­та­ры­на ҚКХП Орталық ко­ми­те­ті­нің хатшылары Владислав Косарев пен Жам­был Ахметбеков жауап берді. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.