• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Тамыз, 2018

Каспий саммитіне арналған баспасөз орталығы өз жұмысын бастады

435 рет
көрсетілді

Бүгін Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммитіне орай баспасөз орталығы өз жұмысын бастады.

Бұл орталық Саммит өтетін «Достық үйіне» қарама-қарсы орналасқан Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің спорт кешенінде жасақталды. Қазақстан тарапынан 150-ден астам, ал шетелден 200-ден артық тілшілер Ақтау саммитіне тіркеуден өткен. 

Қазіргі сәтте баспасөз орталығына Каспий маңы елдері құрамындағы Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түркіменстан елдерінің ірі бұқаралық ақпарат құралдары жиналды. Сондай-ақ, Ақтау саммитінен ақпарат тарату үшін шаһарға Еуропа мен араб елдерінің, АҚШ-тың, Қытайдың беделді телеарналары, ақпарат агенттігі өкілдері келді.