• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2011

Қайталап өкілеттік берілмейді

367 рет
көрсетілді

Лауазымды және мемлекеттік міндеттерді атқаруға өкілеттік берілген адамдарға және со­ларға теңестірілген адамдарға (өз қызметін тұ­рақты емес немесе басқа жұмыстан бо­са­тылған негізде жүзеге асыратын мәслихат де­пу­тат­та­рын, сондай-ақ «Сыбайлас жемқор­лық­қа қар­сы күрес туралы» Заңның 3-бабы 3-тар­ма­ғы­ның 2) және 4) тармақшаларында аталған адам­дарды қоспағанда) педагогтік, ғы­­лыми және өзге де шығармашылық қыз­мет­тен басқа ақы тө­лене­тін қызметпен айна­лы­суға тыйым салынады. Осы баптың 1-тармағында аталған адам­дар­дың кәсіпкерлік қызметпен айналысуына, егер шаруашылық жүргізуші субъектіні бас­қару немесе басқаруға қатысу заңдарға сәйкес оның қызметтік міндетіне кірмейтін болса, шаруа­шылық жүргізуші субъектіні басқаруға дербес қатысуына, материалдық игіліктер алу мақ­са­тымен өзінің қызметтік өкілеттігін заң­сыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке адам­дардың материалдық мүдделерін қа­на­ғаттандыруға жәрдемдесуіне тыйым салынады. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар қызметке кіріскеннен кейінгі бір айдың ішінде өздеріне тиесілі, пайдаланылуы табыс табуға жеткізетін мүлікті Қазақстан Респуб­ли­касының заңдарында белгіленген тәртіппен осы жұмыстарды атқару кезеңіне сенімді бас­қаруға беруге міндетті, бұған сол адамдарға заңды түрде тиесілі ақша, сондай-ақ мүліктік жалға берілген өзге де мүлік қосылмайды. Осы баптың 1-тармағында аталған, осы міндеттерді атқарумен сыйыспайтын қызмет­пен айналысатын адамдар жұмыстан шыға­ры­луға тиіс. Аталған міндеттерді атқарумен сый­ыспайтын қызметпен айналысуына байла­ныс­ты жұмыстан босатылған адамға немесе оған теңестірілген адамға ондай міндеттерді атқа­ру­ға қайталап өкілеттік берілмейді, деп хабар­лады Алматы ауданы бойынша салық бас­қар­масының жеке тұлғалардың ақпаратын қабыл­дау және өңдеу орталығы. АСТАНА.