• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Жазғы спорт 20 Тамыз, 2018

Азиада-2018: Академиялық есуден қазақстандық спортшылар келесі кезеңге өтті

259 рет
көрсетілді

Палембангта өтіп жатқан Азия ойындарында  академиялық есуден қазақстандық спортшылардың барлығы келесі кезеңге өтті.

ҚР ҰОК-нің баспаөз қызметі мәлім еткендей, бүгін сынға түскен қазақстандық спортшылардың барлығы келесі кезеңге өтті.  Ерлер арасындағы жекелей сында Иван Эксузиди 6-шы орынды иеленді.

Ал әйелдер арасында Алина Мочула төртінші нәтижені көрсетіп, финалдық кезеңге өтті. Виталий Васильев, Григорий Феклистов, Анастас Шашков және Евгений Тацей төрттігі 6-шы орыннан көрініп, олар да финалдық кезеңге өтті. Мария Пойда, Александра Опачанова, Светлана Германович және Виктория Чепикова іріктеу кезеңін бірінші орынмен аяқтады.