• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2011

Нұротандықтар – Кенді Алтайда

329 рет
көрсетілді

Өскемен қаласындағы Метал­лургтердің мәдениет үйінде «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутат­тығы­на кандидаттармен кездесу өтті. Үміт­керлерден Ж.Кәрібжанов,  Ж.Жа­­­расов, С.Ферхо, Н.Кузьмин болды. – Өскемендіктермен кездескеніме қуаныштымын. Облыс әкімі қызметінде болған кезімде сіздермен қоян-қолтық жұмыс істеп, әрқашан қолдауларыңызды сезініп отырдым. Қазақстан өсіп-өр­кендеп келеді. Тек биылдың өзін­де елімізде 350 жаңа кәсіпорын іске қосылып, ондаған мың жұ­мыс орны ашылды. Кенді Алтай­дың өзінде индустрияландыру картасы бойынша 15,9 миллиард теңгенің 9 жобасы өндіріске енгізілген. Тоғыз айда ғана 722,4 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімдері шығарылған. Облыста «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің саны жыл сайын артып келеді. Елбасы бас­та­ған партия келер жылғы сайлауда да жеңіске жетеді деген сенімдеміз, – деді Жәнібек Кәрібжанов. – Мен осы өлкеде туып-өстім, білім алдым. Қазақстан алға ба­тыл жылжып келеді. Шырайлы Шы­ғысты Елбасы еліміздің эко­но­микасының алтын тәжіне тегін теңемесе керек. Демек, алдағы сайлауда жерлестеріміз бізді қызу қолдайды деген ойдамыз, – деді Парламент Мәжілісі депутат­ты­ғына кандидат Николай Кузьмин. Жанат Жарасов, Светлана Фер­хо кездесуде партияның тұ­ғыр­намасымен және сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. С.Ферхо сондай-ақ Өскеменде бірқатар кездесулер өткізді. Ол партияның сайлауалды штабын­да­ғы және бірқатар жоғары оқу орындарындағы кездесулерде жи­налғандарды «Қазақстан-2017 жыл мақсаттары. Жаңа іс-қимыл жоспары» атты партия тұғырна­ма­сымен таныстырды. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Шығыс Қазақстан облысы.