«Қазақстан барысы» және «Әлем барысы» атанған қазақ балуаны Айбек Нұғымаров Қазақ күресінен өткен Азия чемпионатында абсолютті салмақта чемпион атанды.
Еске салайық, Астанада «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтті. Азия чемпионатында 11 елден 77 балуан 8 салмақ дәрежесі бойынша қатысты.