Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Чехияның Нове-Месте қаласында өткен жазғы биатлоннан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
7,5 шақырымға созылған спринтерлік жарыста мәре сызығын бірінші болып Словакия спортшысы Паулина Фиалкова (21:50.9) кесті. Ол екі оқ ату кезеңінде бір-ақ рет қателескен. Екінші орынды Польша биатлоншысы Моника Хойниш (+7.2) иеленсе, үздік үштікті отандасымыз Галина Вишневская (+23.2) қорытындылады. Айта кетейік, жазғы биатлоннан әлем чемпионаты 1996 жылдан бері өткізіліп келеді.