• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Тамыз, 2018

Биыл 120 мың адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі

481 рет
көрсетілді

2018 жылы тегін берілетін дәрі-дәрмекті мемлекеттік емханалардағы дәріханалардан беру шешімі қабылданды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылы 120 мың адамды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамыз ету қарастырылған. Өткен жылы 100 мың адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған болатын.

Сонымен қатар, Астана қаласы мәслихатының арқасында жергілікті бюджет қаражаты есебінен дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша қосымша шамамен 500 млн теңгеге мынадай ауруларға қаражат бөлінді: бехтерев ауруы, муковисцидоз, қалқанша безінің медулярлық ісігі, бастапқы өкпелік гипертензия, ювенильді идиопатиялық артрит, драве синдромы, буллезн эпидермолиз, глаукома, бронхолегты дисплаз, өкпенің идиопатиялық өкпе фиброзы.