• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Тамыз, 2018

Биыл Ақтөбе облысында 15 мектеп қолданысқа беріледі

345 рет
көрсетілді

Биыл Ақтөбе облысында 15 жаңа мектептің құрылысы аяқталады. Соның ішінде 8 білім шаңырағының салтанатты түрде ашылу рәсімі 1 қыркүйек – Білім күніне тұспа-тұс келіп отыр. Ал қалған  жеті мектеп бұдан кейінгі кезеңде жыл аяғына дейін пайдалануға берілмек.

Тұтастай алғанда биыл Ақтөбе аймағында 26 мектептің құрылысы қызу әрі тоқтаусыз жүргізілуде. Аталған білім беру нысандары толықтай іске қосылған кезде он мыңнан астам оқушының жаңа білім беру стандарттарына сай заманауи құрал-жаюдықтармен жабдықталған сәулетті орында білім алуына мүмкіндіктер тумақ. Сонымен бірге өңірде мектеп ғимараттарына жасалатын жай және күрделі жөндеу жұмыстары бұрын-соңды болмаған деңгейде тың серпін алды. Жетпіске тарта білім нысандары жаңа оқу жылына дейін қайтадан жаңғыртылғаны алдыңғы пікіріміздің айғағы. Бұған жұмсалған қаражат мөлшері 2 миллиард теңгеге жуық.

Жалпы білім беру мекемелерін жаңа оқу жылына әзірлеу тек бірыңғай жаңа мектеп ғимараттарын пайдалануға берумен, немесе оған күрделі жөндеулер жүргізумен шектелмейді. Бл кешенді әрі үздіксіз үдеріс. Осы орайда 2018-2019 оқу жылында мектеп оқушылары пайдаануға қажетті оқулықтарды жеткізу ісі де белгіленген кестеге сай ретін тапты. Әрі мектептердің материалдық-техникалық базасын одан әрі жаңғырту бағытанда да қолда бар барлық мүмкіндіктер мен әлеуеттер қарастырылды. Бұған қоса облыстағы барлық білім беру мекемелерін спорттық құрал-жабдықтармен қамту жөнінде қажетті шешімдер алынған. Бұл жөнінде газет тілшісіне Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева айтып берді.

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ