Көнеден жеткен жер-су атауларының шығу тарихын зерттеуде басты назарда болатын жайт, сол жерді мекендеген халықтардың шығу тарихы, тарихта алатын орны және әлеуметтік-экономикалық жағдайын терең білу қажет. Бұл жерде тарихи оқиғалар мен тайпалардан бөлек, жер бедерінің географиялық орналасу процесі де бізге көптеген мағлұмат береді.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьТарихы тереңнен бастау алатын Отырар өңірі аз зерттеліп жүрген жоқ. Орта ғасырларда Отырар немесе Фараб деп аталған қала Отырар – Фараб аймағының астанасы болған. Ғалымдардың пайымдауынша, «Отырар» атауы – «қоныс тұрақ», ал, «Фараб» – «өтетін жер, өткел» мағынасын береді екен.
Отырар қаласының атаулары әр жиһанкездің жазбаларында әрқалай атпен берілген. Әсіресе, Отырар, Отырарбенд, Фараб, Тұрар, Танбанд, Тарбан деген атаулар жиі кездеседі. Бір деректерде Фараб не Бараб деген жер атауы соғдының Параб, яғни «өзеннің арғы жағалауы», «өткел орны» деген сөзінің арабтық графикалық үлгісі болып табылады. Ал А.Әбдірахмановтың пікіріне сүйенсек, Фараб сөзін Иранның Пуроб, яғни «суы мол, сулы жер» дегенінен таратады.
Бұл жерде қазіргі таңда аталып жүрген Отырар атауының қашан пайда болғаны, нақты қандай мағына беретіндігі туралы дерек әлі күнге нақты болмай отырғаны шындық.
Ендігі кезекте, осы өңірден әлі күнге дейін ара-тұра кездесіп қалатын көне атаулар мен киелі орындарға келер болсақ, Нарын мен Қарадария өзендерінің Ферғана қазаншұңқырындағы қосылған жерінен бастау алатын Сырдария өзені туралы алғашқы дерек Геродоттың «Әлем картасы» еңбегінде айтылады. Жалпы, қазіргі уақытта Сырдария өзенінің көне атауларының бірнеше нұсқасы сақталып отыр.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Уахит Шәлекеновтің 90 жылдық мерейтойына арналып шығарылған «Өнегелі өмір» жинағынан Сырдария өзені жайында қызықты мәлімет кездестіруге болады. Ғалым Авеста кітабына жүргізілген зерттеулеріне сүйене отырып Ранхы өзенін Сырдарияның ескі атауы деген пікірді алға тартады.
Сырдария өзенінің бұған дейін де, бұдан кейін де көптеген атқа ие болғаны белгілі. Бұлардың ішінде көпшілікке таныс бірқатар атауларға жеке тоқталатын болсақ, көне гректерден жеткен мәліметтен өзенді «Яксарт» атауымен кездестіреміз. «Yakhsha Arta», яғни, «Үлкен маржан» атауымен белгілі бұл өзенді Гай Лэ Стрэнждің «Шығыс халифат елдері» атты еңбегінде Сырдария өзенін жергілікті халық «Шаш» өзені деп атайтындығын, ал, XIV ғасырда моңғолдар бұл өзенді Гүлзариян деп атағанын жазады. Ал түріктердің қойған атауы Сырсу болса, арабтардан жеткен деректерде «Сейхун» деген атпен аталғаны айтылады.
Археолог-ғалым М.Қожаның «Ортағасырлық Отырар: Аңыздар, Деректер, Зерттеулер» тақырыбында жарық көрген еңбегінде Сырдария өзені мен оның ескі арналары туралы көптеген аңыздар мен құнды деректер келтірілген.
Ел арасында Сырдың орта ағысын мекендеген ұлыстар мен тайпалардан қалған, қазіргі таңда ұмыт бола бастаған Шаншар, ШәмілДүр, Өгізсай сынды жекелеген этноатаулар ара-тұра кездесіп қалады. Қазіргі таңда бұл атаулар тұрақты түрде қолданылмаса да ауызекі диалектикада, мақал-мәтелдер арасында және эпостық жырлар мен аңыз-әңгімелерде кездеседі.
Тарихтан белгілі, ІХ-Х ғасыр аралығында Сырдың орта және төменгі ағысын Оғыз тайпасы мекендеген болатын. Х ғасырдың бірінші жартысы мен ХІ ғасырдың басында қыпшақ тайпаларымен болған ұрыс нәтижесінде ұлы көш орын алып, Сырдарияның орта және төменгі ағысында орналасқан Оғыз тайпалары қазіргі Түрікменстан жеріне көшкен болатын. Отырар жерінде оғыз тайпаларынан қалған Шаншар, Өгізсай сынды этимологиялық атаулар кездеседі.
Ал Сырдария өзенінің ескі арнасы болып табылатын «Өгізсай» атауы да осы тайпалардан қалған болуы мүмкін деген пікір қалыптасып отыр. Сонымен қатар Отырар ауданының орталығы Шәуілдір атауы да оғыздардан қалған белгі болуы мүмкін деген пікір туындап отырғаны шындық.
Отырар өңірінен анықталып отырған көне атауларды зерттеуде тарихи-географиялық маңызы мен ландшафтық ерекшелігіне, шаруашылығына баса назар аударған дұрыс сияқты. Қазіргі таңда Отырар өңірінде толықтай болмаса да топонимикалық атаулар біршама зерттелген. Алдағы уақытта зерттеу жұмысын бұдан әрі жандандырып, кең ауқымда жүргізуді қолға алу қажет.
Сәбит ПӘРМЕНҚҰЛ,
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қызметкері