• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Тамыз, 2018

Қазақстанның бес облысында күн суытады

418 рет
көрсетілді

Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

31 тамыз күні Солтүстік Қазақстан облысында  солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Петропавлда 31 тамыз күні солтүстіктен жылдамдағы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95 %.  Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-2 қыркүйек күндері түнде ауа райы 3°С дейін суытуы мүмкін. Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95 %. 1-2 қыркүйек күндері түнде Қостанай облысының кей жерлерінде 3 градусқа дейін күн суытады.

1-2 қыркүйек күндері түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, 2-3 қыркүйекте түнде Қарағанды облысында, 3 қыркүйек күні түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа-райы 3 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Астана қаласында 1-2 қыркүйек күндері түнде топырақ беті 2 градусқа дейін күн салқындауы мүмкін.