• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қыркүйек, 2018

С.Жээнбеков: Қазақстан Президентінің ашылу салтанатына қатысуы зор қуаныш

418 рет
көрсетілді

III Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков іс-шараның маңызына тоқталып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді. 

«Қырғыз жерінің маржаны Ыстық көлдің жағасында Үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына келгендеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Әппақ қардай Алатаудың елі, Манастың отанына, қонақжай және еркін сүйгіш қырғыз еліне қош келдіңіздер», деді С.Жээнбеков.

Сондай-ақ көшпенділер ойындарының Түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастық кеңесінің саммитімен тұспа-тұс келіп отырғанына тоқталды. Осы орайда, С.Жээнбеков ашылу салтанатына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы зор қуаныш екенін атап өтті. Сонымен қатар жиынға келген басқа да меймандарға алғысын білдірді.

Өз сөзінде С.Жээнбеков III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ашық деп жариялады. Осындай шаралардың татулық пен достықты нығайтуға зор үлес қосатынын мәлімдеді.