• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2011

Бақтың барар жері – ынтымақ

283 рет
көрсетілді

Елбасының Маң­ғыс­тау облысындағы сапа­рында айтқан пікірлері бейбітшілікті сүйетін әрбір азаматтың кө­кейі­не қонады. Жаңа­өзен­дегі қайғылы оқиға ондағы қай­тыс болған ата-аналардың ғана емес, барша қазақстан­дық­тардың ортақ қайғысы. Жап­пай тәртіпсіздікті ұйым­дас­тырып, өрімдей жастарды отқа айдап салған қыл­мыстылар ерте ме, кеш пе анықталып, заң алдында әділ жазасын аларына сенеміз. Үлкен қа­сапханаларда мал соятын бекетке қой­ларды отары­мен бастап келіп, жақын­да­ған­да қапталдағы есік арқылы жалт беретін арандатқыш ешкі болады деседі. Өз халқын ажалға айдағандарды, жас­тарға мемлекеттік нысандар мен жеке меншік құрылым, биз­нес орындарын талқандат­ты­рып, өздері тасада қалып масайрап жүргендерді ха­лық­тың қаны жібермес. Шетелдік сарап­шылар да мұның арнайы ұйымдастырылған акция екендігін атап көрсетіп отыр. Рас, күрделі мәселені дер кезінде шешуге Үкіметте мүм­кіндік болып еді. “Са­мұ­рық-Қазына” қоры, “Қаз­Мұ­найГаз” компаниясы Елбасы­ның еңбек дауын мерзімінде шешу туралы тапсырмасын ұзын арқан, кең тұсауға салуы осындай өкінішке ұрын­дыр­ды. Елбасы Үкіметтік комис­сия­ға екі апта ішінде “Өзен­мұнайгаз” компаниясының қызметкерлері мен Жаңаөзен тұрғындарының наразылығын тудырған себептерді анықтап, қираған нысандарды қысқа мерзім ішінде қалпына келтіруді тапсырды. Маңғыстауда айтылған ой­лар Үкіметті қатты ойлан­ды­рып, сабақ алдыруы тиіс. Елге керегі – тыныштық, бейбіт өмір. Басқа елдермен салыс­ты­р­ғанда жаһандық дағда­рыс­ты жеңіл өткізіп жатқан Қазақ­стан­да мұндай оқиғалар қайта­ланбауы керек деп есептейміз. Әнипа ХАЛБАЕВА, “Гауһар” тігін фабрикасының директоры. ШЫМКЕНТ.