• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2011

Елбасы қабылдады

280 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменовті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Ә. Байменов Президентке Агенттік пен оның аумақтық басқармаларының 2011 жылы атқарған жұмыс нәтижелері, агенттіктің жұмысын жетілдіру жөнінде жоспарланған шаралар, Қазақстан Рес­публикасының мемлекеттік қызметке қа­тысты заңнамасына енгізілетін өзге­ріс­тер мен толықтырулар және мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжы­рымдамасын іске асыру шеңберіндегі басқа мәселелер, сондай-ақ Қазақстанда мемлекеттік қызметті одан әрі реформалау мәселесінде халықаралық ынты­мақ­тастық туралы хабарлады. Мемлекет басшысы Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің қызмет тиімділігін жетілдіру және мемлекеттік қыз­меттің жаңа моделінің тұжырым­да­масын іске асыру мәселелері жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. – Тәуелсіздіктің 20 жылы аралы­ғын­да Қазақстанда мемлекеттік қызмет моделі халықаралық танылған деңгейде қалыптасты. Бүкіләлемдік банк Қа­зақ­станды мемлекеттік қызмет саласында реформалар жүргізу жөніндегі өңірлік көшбасшы ретінде таныды. БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанды ТМД елдері бойынша өңірлік хаб құруды және мемлекеттік қызметтің қазақстандық жүйе­сін модель ретінде пайдалануды ұсын­ды. Сондай-ақ бұл халықаралық ұйым Астанада 2013 жылы мемлекеттік қыз­метті жаңғырту жөнінде жаhандық конференция ұйымдастыруды ұсынып отыр. Сіз бекіткен мемлекеттік қызмет­тің жаңа моделінің тұжырымдамасы мем­лекеттік қызметті реформалаудың және жаңғыртудың жаңа кезеңінің бас­талуы болып табылады, – деді Ә.Байменов. – Жаңа тұжырымдама толыққанды және дер кезінде енгізілуі қажет. Мемлекеттік қызметшілер халыққа жақын болулары тиіс. Мен кеше Маңғыстауда болдым. Кейбір мемлекеттік қызметші­лер­дің адамдардың пікірлерін тыңда­мауы салдарынан ол жерде сондай мәселе туындаған. Жергілікті атқарушы органдар деңгейінде де, облыстық әкім­діктер деңгейінде де мемлекеттік қыз­мет жүйесінде мониторинг жүргізу қа­жет. Қазақстандық мемлекеттік қызмет­ші­лер өз халқымыздың игілігі үшін жұмыс істеулері тиіс, – деп атап өтті Президент.