• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2011

Прокурорлық ықпал ету артуда

348 рет
көрсетілді

Кеше Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен ағымдағы жылдың жұмыс қорытындыларын және алдағы кезеңдегі қызметтің басым бағыттарын қарап, талқылаған Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжі­лі­сі болды. Оның жұмысына бейнекон­ференциялық бай­ла­ныс арқылы облыс прокурорлары және оларға теңес­тіріл­ген прокурорлар, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі прокуратуралардың қызметкерлері қатысты. Бас прокурор атап өткен­дей, ағымдағы жылы прокуратура органдары проку­ра­тура­ның құқық қорғаушылық рө­лін күшейтуге және тиімділігін одан әрі арттыруға бағыт­талған Мемлекет басшы­сының тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында жұмыс істеді. Осы мақсаттарда зейнет­ақымен қамтамасыз ету, еңбек қатынастары және әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, бәсекелестікті дамыту, индустрия және сауда мәселелері бойынша, сондай-ақ өзге де маңызды салаларда тексерулер жүргізілді. Тексерулер нә­тижелері бойынша 380 мың заңдылықты бұзушылық жой­ыл­ды. 500 мыңға жуық адам­ның конституциялық құқық­тары қалпына келтірілді. 44 мың заңсыз құқықтық акті­лердің күші жойылды. 40 млрд. теңге шығынның 27 миллиарды бюд­жетке қайта­рыл­ды. Азаматтардың еңбек ққұ­қықтарын қамтамасыз ету са­ласындағы мақсатты жұмыс ба­сым бағыттардың бірі бо­лып қала береді. Проку­рор­лық ықпал ету шаралары бой­ынша 155 мың жұмысшының жалпы сомасы 8,7 млрд. тең­гені құрайтын мерзімінен кешіктірілген жалақылары  тө­ленді, бұл қарыз көлемін екі есеге азайтуға мүмкіндік берді. Мемлекет басшысының құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға бағыттал­ған жаңа талаптарына сай қылмыстық құқық саласында қылмыстарды жасыру проб­лемаларын шешу бойынша көп жұмыс атқарылды. Көз­делген шаралар қылмыс­ты­лықтың шынайы көрінісін қамтамасыз етуге және зардап шеккендердің құқықтарына кепілдік алуға мүмкіндік береді. Осы шаралар нәтиже­сінде бизнестің іс-әрекетіне әкімшілік кедергі келтіретін бірқатар проблемалар шешілді, ауылшаруашылық өнім­дерін импорттау үшін едәуір кедергі болып келген заң нормалары қайта қаралды.

Алқа жұмысының қоры­тындысы бойынша Бас прокурор азаматтардың, кә­ме­летке жасы толмағандардың конс­титуциялық құқықтарын қам­тамасыз ету, кәсіп­кер­лік­ті қор­ғау, ұйымдасқан қыл­мыс­пен, сыбайлас жемқор­лықпен, экстремизм және терроризммен күрес тәрізді проку­рорлық қадағалаудың басым бағыттары бойынша бірқатар тапсырмалар берді, деп ха­барлады Бас про­куратураның баспасөз қыз­меті.