Лондонда 24 қыркүйек күні кешкісін өтетін Халықаралық футбол федерациясының марапаттау рәсімі «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду қатыспайды, деп жазады telegraph.co.uk.
Португалия құрамасының шабуылшысы 26 қыркүйекте өтетін ойынға байланысты «Ювентустағы» кестесінің тығыз болуы салдарынан салтанатты рәсімге келмейді. Ал «Аргентинаның» шабуылшысы Лионель Месси бұл жылғы «Алтын допқа» үміткерлер қатарында жоқ.
Еске сала кетсек, жылдың үздік ойыншысы марапаты «Алтын допқа» Криштиану Роналду, «Ливерпуль» және Египет құрамасының футболшысы Мохаммед Салах, сондай-ақ «Реалдың» жартылай қорғаушысы және Хорватия құрамасының капитаны Лука Модрич үміткер.