• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қазан, 2018

Қарағанды облысында жоғалып кеткен туристер табылды

228 рет
көрсетілді

Құтқарушылардың көмегімен зардап шеккен туристер табылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Бүгін сағат 3:07-де Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында екі азаматтың жоғалып кеткені туралы хабарлама жеткен. Олардың 1990 жылғы Англия елінің азаматы мен 1992 жылғы Түркия азаматшасы екені анықталған. Олар «Қарағай орманы» шипажай аумағынан таулы аймаққа серуендеп кеткеннен кейін оралмаған.

Қарқаралы ұлттық паркінің қызметкерлерінен құтқарушы топ құрылып, таңға жуық туристер де табылған. 

«Сағат алтылардың шамасында Қарқаралы қаласынан 9 шақырым жердегі Кендара аңғары аумағында табылды. Құтқарушылар Қарқаралыға жеткізген. Медициналық көмектің қажеті болмады», деді министрліктің ресми өкілі.