• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қазан, 2018

Бірқатар нысанды аралады

321 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова, Ерболат Мұқаев және Нариман Төреғалиев Елбасы Жолдауын өңір тұрғындарымен талқылау мақсатымен Батыс Қазақстан облысына келді. 

Сенаторлар Орал қала­сындағы бірқатар нысанды аралап, апатты үйлердің орнына мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында салынып жатқан жаңа үйлердің құры­­­­лы­сымен танысты. Апатты үйдің бірі – Гагарин көшесіндегі 12 пә­терлік екі қабатты көне ғи­марат еді. Бүгінде ол жерде то­ғыз қабатты 126 пәтерлік үй салынып жатыр. Ескі үй­дің тұрғындары жаңа үйге көші­ріліп, қалған пәтерлер «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін болады.  Құрылыстың жай-жап­са­рымен танысқан Бірғаным Әй­­тімова тұрғын үйдегі ком­му­налдық шаруашылық жұ­­мыс­­тарын жүргізудегі мәсе­ле­лер қалай шешілетінін сұ­ра­­ды. Сауалға жауап берген қала әкімі Мұрат Мұқаев бұл үйге тұрғындар мен пәтер ие­ле­­рі кооперативінің өзара бай­ла­­­нысын жақсартып, ПИК-тер жұ­­мы­­сының ашықтығын қам­та­­­масыз еуге бағытталған «е-ПИК» жүйесі енгізілетінін айтты.

Бұдан соң депутаттар Құр­манғазы көшесіндегі №198 көп қабатты тұрғын үй құры­лысымен де танысты. Апат­ты үй орнына салынып жат­қан бұл үйдің пәтерлері «7-20-25» бағдарламасына қатысу­шы­лар­ға берілмек.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы