• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Қазан, 2018

Журналист Джамаль Хашагджиді өлтірген арабтар екені белгілі болды

348 рет
көрсетілді

Арабтар журналист Джамаль Хашагджиді өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды euronews.com.

Сауд Арабиясының бас прокуроры телеарнадан мәлімдеме жасады. Бас прокурордың айтуынша, Хашагджи Түркиядағы Сауд Арабиясының консулдығына барған жерде ұрыс-керіс болған. Ақыры дипломатиялық ғимараттағы арабтар журналистке қол жұмсап, салдарынан Джамаль Хашагджи сол жерде қаза тапқан.

Еске сала кетсек, 2 қазанда Түркиядағы Сауд Арабиясының консулдығына барған саудиялық журналист Джамаль Хашагджидің жоғалғаны туралы хабар тарады.