Қазақстан өзінің 27 жылдық даму тарихында екі жаңғыруды жүзеге асырды. Біріншісі жоспарлы экономикадан өту болса, екіншісі 2030 стратегиясын орындау нәтижесінде табысты 50 елдің қатарына қосылды. Елбасының 5 қазандағы Жолдауы еліміздің үшінші жаңғыруының жалғасына арналып отыр. Елбасы Жолдауында басты назар аудартылған салалары ел экономикасын тұрақты дамыту, еліміздің орта және шағын бизнесін қолдау әрі өркендету, еліміздің білім саласына көбірек көңіл бөлу сынды өзекті мәселелер қамтылды.
Жаңа технологиялар, роботтандыру мен автоматтандыру еңбек ресурстарына және адам капиталының сапасына қатысты талаптарды күрделендіруде. Егер біздер бұл салаларды дұрыс жолға қойсақ, еліміздің дамуы арта түспек. Бұл жолда педогог мамандарының рөлі ерекше.
Жолдауда педогогтардың статусын қалыптастыру мәселесіне баса назар аударылған. Еліміздің тірегі, болашағымыз жастарды тәрбиелеу, оларға білім беру жоғарғы білікті ұстаздарымыздың алдында тұрған үлкен міндет. Осы ретте еліміздің ертеңін қалыптастырып отырған ұлағатты ұстаздарымыздың қоғамдағы ерекше орны мен ерен еңбектерін бағалау керек.
Жолдауда жоғары оқу орындарының жұмысын бағалаудағы ең негізгі критерий ретінде түлектерді тұрақты, жоғары ақылы жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі атап көрсетілді. Қазіргі қоғамымыздағы негізгі қиындықтардың бірі – жоғары оқу орнын бітірген жастардың жұмыссыз қалуы. Енді бұл мәселені шешуге еліміздің әрбір жоғары және арнаулы оқу орындары көбірек көңіл бөлетіні болшақ мамандарды қуантқаны сөзсіз.
Елбасы мемлекетіміздің тірегі жастар екендігін, болашақ жастардың қолында болатындығын әрбір жолдаулары мен бағдарламасында ескеріп келеді. Осы жолы да еліміздің жастарын назардан тыс қалдырған жоқ. Елбасы ерекше сенім артып және жаңа мүмкіндіктермен қамтамасыз ету мақсатында алдымызда келе жатқан 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды ұсынды. Бұл бізге беріліп отырған өте үлкен мүмкіндік екендігін түсінуіміз қажет. Елбасымыздың артқан сенімін ақтау үшін оқу орнымыздың барша жастарын осы бағытқа жұмылдыруды мақсат етіп қойдық. Барша белсенді жастар, жас ғалымдар мен таланттар жаңа идеялары мен жобаларына қолдау таба алады деген сенімдеміз.
Бүкіл әлем алдында бәсекеге қабілетті ел болу – біздің басты мақсатымыз. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың жастары Елбасының Жолдауын толық қуаттай отырып, оны іс жүзінде жүзеге асыру жолында өздерінің бар күш-жігерін жұмсайтын болады. Біз, жастар Елбасы Жолдауын қолдаймыз, ел дамуы жолында аянбай еңбек етеміз.
Біз, шуақты өлкенің елжанды ұрпақтары, Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп отырған сындарлы саясатты қолдай отырып, Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістігі – бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бір кісідей үлес қосамыз деп сендіреміз.
Мағжан ИСАХОВ,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Жастар орталығының директоры