• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Өнер 23 Қазан, 2018

Әдемінің әуенге толы суреттері

868 рет
көрсетілді

Астанада Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы тәрбиеленушілерінің диплом жұмыстарынан тұратын «Туған өлкем» көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге ұсынылған жұмыстар астаналықтарды мектепте оқытылатын бейнелеу өнері техникасының сан алуан түрімен қауыштырды. 

Жас суретшілердің бі­рі Әде­­­­­мі Жет­­пісованың шы­­­ғар­­­ма­шы­лығының арқауы – әуен мен сурет тұтастығы. Оның көр­­кем туын­дыларынан жас­тық пен жі­гер оты алаулайды. Әдемі идея мен мазмұнды алыстан іздеп әуре болған емес, сазды әуен шу­ақ­ты сю­жетті лық­сытып әкеліп қыл­қалам ұшына төгіл­теді.

– Скрипка туралы сюжет бұ­рын­нан ойымда жүретін. Әуен мен сурет – мен үшін біртұтас дү­ние. Скрипкада әлдебір шы­ғар­маны ойнап тұрғанымда композиция көретін болдым және оны анық сурет қылып салғым келетін. Осылайша сурет өнеріне келдім, – дейді Әдемі Жетпісова. Жалпы Екібастұз қаласын­дағы көркемсурет мектебінің не­гізі 1984 жылы қаланып, 2009 жылы шығармашылық жолында жет­кен жетістіктері үшін ЮНЕСКО клубы мәртебесіне ие болған.

Мәдени шараның ашылу салтанатында сөз алған Елбасы кі­тапханасы директорының орын­­басары Күләйша Ақтаева «Туған өлкем» бағдарламасының шең­­берінде өтетін барлық көр­ме­лер Астананың 20 жылдық ме­рей­тойына арналғандығын айт­ты.

– Біз осы жылы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау жолында үлкен жобамызды бастадық. Жоба аясында Екі­бастұз қаласынан көрмеге ұсы­нылған туындыларға қарап, бо­ла­шағымыздың жарқын еке­нін байқауға болады. Өйт­кені бұл көрмеден тек дарын­ды жас­тар­дың ғана емес, ұстаз­дар­дың да жұмыс нәтижесін көре аламыз. Сондықтан көрмеге қол­дау көрсетіп келіп жатқан атақты суретшілер мен ұстаздарға алғы­сымды білдіремін, – деді ол.

Тәуелсіздік күні карсаңында жыл бойы өткізілген көркемсурет мектептері тәрбиеленушілерінің үз­дік диплом жұмыстары көрме­сінің қорытынды фестивалі өткі­зілмек.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»