• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қазан, 2018

Ғасырдың көзі, елдіктің сөзі «Егемен»

760 рет
көрсетілді

Астанада кеше «Қазпош­таның» ұйымдастыруымен дәстүрлі мереке – «Бас­пасөзге жазылу­шылар күні» атап өтілді. 

Елордада өткен «Баспасөзге жазы­лушылар күні» мерекелік шарасына қатысқан «Егемен Қазақ­стан» газеті биыл да жаздырып алу­шыларға өз тарту-таралғысын ала ба­рып, белсенді оқырмандарымызға «Егемен Қазақ­стан» кітапханасы» серия­сымен шыққан кітаптарын сыйлады. Сондай-ақ жырдан шашу шашып, жиналған көпшілік қауымға ғасырмен үндескен бас басылымның ақ тілегін арнады. 

«Жазылушылар күнін біз 1993 жылдан бастап дәстүрлі түрде атап өтеміз. Биыл «Қазпошта» 25-ке толып отыр. Бүгінгі шараның ерекше сипатта өтуі осымен де байланыс­ты» - деді салтанатты жиында сөз алған «Қазпоштаның» Астанадағы филиалы директорының орынбасары Әсел Сыздықова. 

Мерекелік шараға 11 газет-журнал, атап айтқанда, «Егемен Қазақ­стан­мен» бірге «Казах­станская правда», «Астана ақшамы», «Спорт», «Na­tio­nal Geografic», «Қазақстан   әй­ел­­дері» және басқа да басылымдар қа­тысты. Шара барысында редакция өкілдері «Қазпоштаны» ширек ға­сырлық тойымен құттықтап, газет-жур­налдарды оқырманға жеткізуде ма­ңызды рөл атқаратын мекеме қыз­­­­меткерлерінің жұмысына табыс тіледі.

Қарлығаш ҚҰРАМЫС,

«Егемен Қазақстан»