• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 30 Қазан, 2018

Стратегиялық серіктестікті нығайтуға келісті

413 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен келіссөздер өткізді. Ч.Айдарбеков Қырғызстанның СІМ басшысы ретінде Астанаға өзінің алғашқы жұмыс сапарымен келді.

«Біз бауырлас Қырғызстанмен қарым-қатынасқа ерекше мән беріп, оны стратегиялық серіктес әрі тату көрші санаймыз», деді кездесуде Қ.Әбдірахманов.

Тараптар өңірлік кооперация, шекаралық серіктестік, су-энергетика саласы, сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелердің кең ауқымы бойынша пікір алмасты.

«Біздің басты мақсатымыз – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан Пре­зи­денті Сооронбай Жээнбеков ара­сындағы Астана және Чол­пан-Атада қол жеткізілген уағда­лас­тықтарды жүзеге асыру. Біз пре­зиденттердің көптеген тапсыр­малары орындалғанына және ал­дағы жоспарларды жүзеге асыруда тараптардың белсенді өзара іс-қимылы жалғасатындығын қанағаттанушылықпен атап өте­міз», деді қазақстандық министр. Кездесу барысында өзара сауда-саттық көлемін ұлғай­туға және оның құрылымын әрта­раптандыруға, экономиканың жаңа секторларында бірлескен ин­вес­тициялық жобаларды іске асыруға, соның ішінде «Ас­тана» Халық­аралық қаржы орта­лығында практи­калық шаралар­ды жүзеге асыруға қатысты мәсе­лелер айтылды. Екі елдің бизнес-құрылымдары үшін электронды сауда, қаржы қызметтері, өң­деу және азық-түлік өнеркәсібі, сондай-ақ цифрлы индустрия сияқты салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты ашу бойынша жаңа мүмкіндіктер ашылуда.

Еуразия кеңістігінде бейбіт-

шілік пен тұрақтылықты ны­ғай­туға жәрдемдесуге деген ортақ ниет айтылды. Халықаралық сая­саттың өзекті мәселелері бо­йынша ұқсас ұстанымдарды анық­тай отырып, тараптар БҰҰ, Шан­хай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Еуразиялық эко­номикалық одақ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Түркі тілдес мем­лекеттердің ынтымақтастық кеңесі, Еуропадағы қауіпсіздік жә­не ынтымақтастық ұйымы және басқа да көпжақты құрылымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты жандандыру ниетін растады.

Қазақстанның статистикалық мәліметіне сәйкес 2018 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара сауда көлемі 18 пайызға өсіп, 486 млн АҚШ долларын құрады.

«Егемен-ақпарат»